22 Ақпан, 2017
1353
«Мың бала» жобасы бастау алды
Ағымдағы жылдың 21 ақпан күні Талдықорған қаласындағы оқушылар сарайында Халықаралық ана тілі күні аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы бастау алды.
Іс-шараға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, облыстық білім басқармасының басшылары, «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы», этномәдени бірлестіктердің төрағалары, белсенділері, Көксу, Ескелді, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласындағы мектептердің, оқушылары, ұстаздары, колледж студенттері, «Мың бала» жобасының 2015-2016 жылдардағы жеңімпаздары қатысты.
Жобаның бастау алғандығын облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай салтанатты түрде жариялады.
Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Сүлейменова өз сөзінде жобаның бағыттары, мақсаттары мен міндеттеріне тоқталды
Іс-шара барысында «Мың бала» жобасының 2015-2016 ж. жеңімпаздары және Достық үйіндегі «Парасат» тіл жанашырлары клубының белсенді мүшелері Алина Готунок, Руслан Данил, Ким Ир Сен мемлекеттік тілде өлең оқыды. Олар осы жобаның жеңіпаздары атанғандарын мақтанышпен айтатындарын жеткізіп, барлық оқушылар мен білімгерлерді жобаға қатысуға шақырды.
Сондай-ақ, іс-шара аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыстық білім басқармасы өкілдері, ұстаздар қауымы оқушылар сарайындағы «Мәңгілік Ел» орталығының жұмыс жоспарымен танысты.
Жобаның бастау алуына арналған іс-шара қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары және этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өткен «Ұлағатты әңгіме» дөңгелек үстелімен жалғасын қорытындыланды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
-
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
«Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» практикаға бағытталған курс басталды
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
вчера, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті