Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Ақпан, 2017

856

«Мы такие, как все» әлеуметтік жобасы

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының» қолдауымен ауылдық 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арналған «Мы такие, как все»  жобасы аясында «Ауылдық мүмкіндігі шектеулі балаларын шығармашылық дамыту және қоғамға әлеуметтенуге ықпалдасудың рөлі» атты аудандық конференция өтті.

Аталмыш іс-шараның ұйымдастырушылары – «Гуонлён» жастар орталығы» қоғамдық бірлестігі.

Конференцияға аудандық мемлекеттік органдар, Жамбыл облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі, серіктес және салалық үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар және еріктілер қатысты.

Өз сөзінде жоба үйлестірушісі және психолог Галина Авраменко: «Ауылдық мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істегеніміздің нәтижесінде олардың мінездері және шығармашыл қырлары ашылғанын байқаймыз. Осы уақытқа дейін біздің 40 шәкіртіміз көп нәрсеге үйренді. 18 жасқа дейінгі балалар  Шығармашылық үйіміздің үйірмелеріне, әсіресе қолөнер, сурет, би, әдеби оқу және түрлі спорттық ойындарымызға үлкен қызығушылықпен келеді. Бізге келуші әрбір бала  жанына жақын және икемі бар жұмысын табады, өзін еркін сезінеді, ең бастысы – замандастары мен үлкендермен тіл табыса біледі. Бұның барлығы «Тұңғыш Прездент Қорының» қаржы бөлуі арқылы Жалпақтөбе ауылында ашылған Шығармашылық үйіміздің нәтижесі», - деді.

Конференция іскерлік, сонымен қатар жылы әрі еркін форматта, жобаны орындаудағы бағдарламаның мысалын келтіре отырып, қатысушылардың және түрлі этнос өкілдерінің арасындағы дидарласумен өтті.

Жиынға қатысушылар мұндай шығармашылық үйлері тек мүмкіндігі шектеулі балаларға ғана емес, барлығына арналып ашылуы тиіс деген ұсыныстарын айтты.

 

Кейін қарай