Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Ақпан, 2015

824

Назар аударыңыз! Байқау!

Жас ғалымдар үшін үздік ғылыми жұмысқа Байқау жарияланды

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесімен бірлесе отырып, жас ғалымдардың арасында этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жұмыстардың республикалық байқауын өткізеді. Байқау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қарашадағы №1223 Қаулысымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының жылын және Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Ұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Байқауға Қазақстанның жасы 35-ке дейінгі жас ғалымдары – ғылым кандидаттары, PhD докторлары мен докторанттары, магистрлер мен магистранттар қатыса алады. Байқау Ережесімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Кейін қарай