Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Ақпан, 2017

909

Оңтүстік Корея барабаншыларының «Норын Мачи» самульнори ансамблі

«Достық» концерттік залында үлкен жетістіктермен Оңтүстік Кореяның танымал «Норым Мачи» ансамблінің концерті өтті.

Іс-шара Корей Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығы мен Корейлердің Қазақстанда тұрып жатқанына 80 жылдығына орай, сондай-ақ Алматы қаласында өткен Бүкіләлемдік қысқы Универсиада және 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиядалық ойындарды қолдау көрсету мақсатында өткізілуде.

Өздерінің гастролдік сапарларында өнерпаздар Қазақстанның бірнеше қалаларын аралап шығады. Аталмыш іс-шараны Шығыс Қазақстандағы Кәрістер қауымдастығының қолдауымен Корей Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы ұйымдастырды.

1993 жылы құрылған ансамбльдің атауы ежелгі суырып салма музыканттардың жоғары шеберлігін бейнелейтін сөзге жақын.

Бұл ұжым әлемдік сахыналардың жиі қонағы болып табылады. Музыканттардың жетістіктері әлемнің 50 елінде және 170 қалаларда танылған, оның ішінде: Италия, Франция, Германия, Австрия, Бельгия, Швейцария, Нидерланды, АҚШ және т.б.

Біздің қала тұрғындары ежелгі кәріс халқының аспабы «самульнори» үнін және «пансори» баулап алатын халық әнін естіп өте қуанышты болды. Павлодарлықтар кәріс музыканттарын құшақ жайып қарсы алды, олармен бірге ән салып, қол соғып қолдап отырды.

Концерт аяқталған соң көрермендер көпке дейін тарамады, Кореядан келген қонақтар қызығушылық танытқан адамдарға барабанда ойнау шеберлік-сыныптарын берді.

Кейін қарай