
14 Желтоқсан, 2016
758
Оралда өткен ұстаздар басқосуы
БҚО Достық үйі мәжіліс залында Қоғамдық келісім, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы, облыстық және Орал қалалық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдаструымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Мемлекеттік тіл және оның ересек топтарда оқытылу жайы» тақырыбындағы ашық оқу-әдістемелік семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – қазақ мәдениетін ұлықтай отырып, жергілікті жерде мемлекеттік тілді оқыту ісіне жаңа қарқын мен тың серпіліс беру бағытында тәжірибе алмасу, тілді оқыту арқылы қазақ мәдениетін ұғындыру сынды өзекті мәселелерді қозғау болды. Қазақ мәдениетін өзгелерге ұғындыруда, насихаттауда кешенді шараларға мүдделі қоғамдық ұйымдар мен зиялы қауым өкілдерін, ұстаздарды кеңінен тарту қажет, тілді оқыту мәселесіндегі түйінді мәселелерді әдістеме мамандарымен азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесе шешу жолдарын айқындау – бүгінгі күннің мәселесі.
Семинарға қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік мекеме өкілдері, тіл мамандары, ғалымдар, оқу орталықтарының мамандары, жоғары оқу орны, арнаулы оқу орындары мен орта мектеп мұғалімдері қатынасты. Семинар жұмысына кіріспес бұрын қазақ мәдениетінің асқақтығы мен даралығы туралы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Айтжанов Жасмарат Шапикұлы сөз алып, семинар жұмысына табыс тіледі.
Семинар модераторы облыстық Қазақ тілі қоғамының төрағасы Абдульманов Алтынбек Абутәліұлы «Тілді оқыту арқылы қазақ мәдениетін ұғындыру амалдары» жайында қысқаша баяндама жасап, көпшілікті елең еткізді. Семинарға қатысушы №26 мектеп мұғалімі Набиева Ақмарал, экономика және қаржы колледжінің оқу ісі бойынша директордың орынбасары Нұржанова Гүлзада оқытудағы өзекті мәселелер және оңтайлы оқыту әдістері мен тәсілдері жайында тұщымды ой айтты. Семинар жұмысы арнайы шақырылған тренерлердің шеберлік сабақтарына ұласты.
Шеберлігін әріптестерімен бөліскендер: Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығы мемлекеттік тілді оқыту-әдістеме бөлімінің әдіскерлері Райхан Тілеубергенова "Оқыту үдерісіндегі тыңдалым, оқылым дағдылары" тақырыбында және Гүлжан Әмзебекқызы Іскендір бірі – тыңдалым турасында, екіншісі – жазылым жайында Казтест талаптарына құрылған сабақ үлгілерін көрсетсе, «Бизнес қауымдастығы» оқу орталығының оқытушысы Таубаева Гүлмира оқытудағы дәстүрлі сабақ пен кәсіпке, танымға бағытталған жаңа сабақ үлгілерімен жиналған қауымды тәнті етті. Семинар соңында қатысушылардың ой-пікір алмасуы, ұсыныстар, сұрақтарға жауап беру, сертификаттар табыстау сияқты шаралар кезегімен өтті.
Кемешева Айша
Ұқсас жаңалықтар
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты
-
Оралда «Тәуелсіздік қасиетті құндылық: ел болашағы мен халық еркіндігі» атты тақырыбында облыстық ғылыми конференция өтті
-
Оралда "Шаңырақ" және "Үздік медиатор"шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
-
Оралда «Сөздің көркі - мақал» атты іс-шара өтті
-
Ұстаздар күнімен!
25 Шілде, 21:04
«TEATR-ALL» театрының «QUTQAR MENI» атты психологиялық драмасы көрерменге ұсынылды
28 Шілде, 11:13
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің дөңгелек үстел өтті
30 Шілде, 15:10
ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Халықаралық достық күнімен құттықтады
Ұқсас жаңалықтар
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов елордалық Достық үйінде өткен «Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасына қатысты
-
Оралда «Тәуелсіздік қасиетті құндылық: ел болашағы мен халық еркіндігі» атты тақырыбында облыстық ғылыми конференция өтті
-
Оралда "Шаңырақ" және "Үздік медиатор"шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
-
Оралда «Сөздің көркі - мақал» атты іс-шара өтті
-
Ұстаздар күнімен!