11 Маусым, 2021
531
Қордайда этникалық топтардың құқықтарын қорғаудағы қоғам белсенділерінің рөлі талқыланды
Жамбыл облысының Қордай ауданы Қордай ауылында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедованың ұйымдастыруымен «Этникалық топтардың құқықтарын қорғаудағы қоғам белсенділерінің рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгел үстелге Жамбыл облысының зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынның басты мақсаты - Жамбыл облысында этносаралық және конфессияаралық келісімді күшейту жұмыстарын этномәдени және діни бірлестіктермен бірге талқылап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау.
Жиын барысында сөз алған «Тараз қаласының Өзбек этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдрахман Зайнутдинов Ассамблея жұмысын жандандыру үшін ең алдымен бала тәрбиесінен бастау керектігін айтты.
- «Қоғамдағы бейбітшілікті сақтағымыз келсе балаға сол қоғамда өмір сүру жүйесін үйретуіміз керек. Елімізде тұратын барлық этнос болмасын бір-бірімізге бауыр екенін көрсетуіміз қажет - деді ол.
Дөңгелек үстел соңында бұдан өзге де айтылған ұсыныстар талқыға түсіп, ескертулер назарға алынды. - Біз мұнда айтылған дана шешімдердің іс жүзінде орындалуына басты назар аударуымыз керек. Мен бүгін сіздермен бас қосып, осындай ел игілігіне қатысты келелі мәселелерді талқылап, ұсыныс-пікірлеріңізді ортаға салған тиімді диалогқа қатысқандарыңызға өте қуаныштымын. Барлықтарыңыздың ара-қатынастарыңызда, отбастарыңызда өзара түсіністік, жайлылық орнап, бір-бірлеріңізге деген сыйластықтық пен толернаттылық сезімдеріңіз арта берсін! – деп іс-шараны қорытындылады Парида Иманжанқызы.
Дөңгелек үстелде «Алға» ауылдық округіне ортақ қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Мықтыбек Алтыбай қоғамдық жұмыс белсенділері бірігіп облыс жастарымен кездесіп ұлтаралық қатынасты нығайта түсу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін айтып, ұсыныс тастады.
Ұқсас жаңалықтар
-
Париж қ. ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ҚХА қоғамдық келісім мен этносаралық бірлікті нығайту бағытындағы қызметінің тұңғыш рет таныстырылымы өтті
-
«Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» практикаға бағытталған курс басталды
-
Қарағандыда ҚХА 30 жылдығына арналған «Ақсақалдар тағылымы – адал қоғамның кепілі» салтанатты іс-шарасы өтті
-
Алматы қ. республикалық Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: Ана мен бала бақыты – қоғамдық тұрақтылықтың негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті
-
Абай облысында этномедиация институтын дамыту мәселесі талқыланды
-
ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӨЗЕКТІ ТРЕНДТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
20 Маусым, 15:06
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
18 Маусым, 00:17
Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде «Ана – ұлттың ұйыстырушысы» тәжірибеге бағытталған курсы басталды
вчера, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
18 Маусым, 09:23
Алматы қаласында V Республикалық Ақсақалдар кеңесінің форумы өтті