Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Тамыз, 2022

246

Қостанайда Қазақстан халқы Ассамблеясының алғашқы этноспартакиадасы болып өтті

Осы жексенбіде қала тұрғындарына Сити-орталықта 13 түрлі ұлттық жарыстан бақ сынасып, ҚХА бағалы сыйлықтары мен естеліктер ұтып алуға мүмкіндік туды.


Екі сағат бойы үлкенді-кішілі қостанайлықтар лото мен дженга ойнап, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, нарды, асықтан жарысты, гір көтеруде, армрестлингте, арқан тартуда, дартста және садақ атуда күштерін сынасты. Осы уақытта Заречный кентінде көкпардан турнир өткізіліп жатты.

Қала орталығындағы ерекше алаң башқұрт күресіне арналып, онда жеңімпаз атағы үшін 30 спортшы күреске түсті. 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мұхамбетқали Дәулет (алтын), Сағандық Шыңғыс (күміс), Кәкаляев Бектемір (қола) үздік атанды. 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Алмаз Тілеуғалеев (алтын), Бахтияр Қалиханов (күміс), Арлан Валеев (күміс) жүлдегерлер атанды. Жеңімпаздарға дәстүр бойынша екі қошқар табыс етілді.


Кейін қарай