Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Қараша, 2021

267

Қостанайда Қазақстан халқы Ассамблеясының екі күндік лекторийі өтіп жатыр

11 қарашада Қостанай облысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін ілгерілету бойынша Республикалық лекторий басталды.

Іс-шараға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақыт Есімова, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, ҚХА мүшелері, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, этномәдени бірлестіктердің өкілдері және т.б. қатысты.


Лекторий аясында Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын іске асыруға Қазақстан халқы Ассамблеясының қатысуы, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін нығайту жөніндегі іс-шаралар талқылануда.

Іс-шара барысында Федоров ауданының этномәдени бірлестіктерінің мүшелерімен, қандастармен бірқатар кездесулер өткізіліп, қандастардың бейімделуіне байланысты мәселелер айтылды. Сонымен қатар халықтық қолданбалы өнер бұйымдарының, этностардың мәдениет, білім, спорт, өнеркәсіп және бизнес секілді түрлі салаларындағы жетістіктері бойынша көрмелері өтті.

Республикалық лекторий екі күнге созылады, онда спикерлер қазақстандық қоғамның құндылықтар жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөліне, медиа кеңістік пен жастар ортасында этносаралық қақтығыстардың алдын алуға қатысты сұрақтарды талқылайтын болады.


Кейін қарай