Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Ақпан, 2022

320

Қостанайда корей қауымдастығы балаларға арнап пилоттық жоба бастады

Қостанай облысының корей қауымдастығы әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды сұранысы жоғары мамандықтарға үйрету бойынша пилоттық жобасын бастады.

Арнайы құрастырылған, ішінде бірнеше кәсіби бағыттарды қамтитын бағдарлама «Жас Start up» деген атау алды.


- Бұл жобаның идеясы бұрыннан бері ойымызда болды, - дейді корей қауымдастығының төрайымы Ульяна Ким. – Мақсатымыз - оларға бастау беріп, кәсіпке деген қызығушылық туғызу. Бәлкім, біздің жобаның арқасында, болашақта өздерін кәсіби маман ретінде таныта алады.

Жоба ұйымдастырушылары жобаға психолог пен өзге тәлімгерлерді шақырды. Жобаға қатысушылар кондитерлік іс, фото-видеография, визаж, смм-менеджмент және басқа да курстардан өтіп жатыр. Жоба екі айға созылады.

Кейін қарай