Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Қараша, 2020

601

«Отандастарымызды татулығымызды бағалауға шақырамын»

2020 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Бір шаңырақ астында – биік мақсаттарға» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Отырыста Ақсу ауданы, Қапал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Владимир Чепель Елбасының мемлекеттік тілге айырықша мән беруге шақыратын сөзін қолдайтынын жеткізді.

В.С.Чепель 1993 жылы 16 қарашада Алматы облысы Қапал ауданы Қапал ауылында туған. Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын тәмамдаған. Ұлты – орыс. Қазақ, орыс тілдерін меңгерген.

- Қазақстан халқы Ассамблеясының ширек ғасырлық мерейтойымен баршаңызды құттықтаймын!

Бақ қонып, құт дарыған киелі Жетісу жұртшылығының жалынды сәлемін қабыл алыңыздар! Мен – мемлекеттік қызметкермін. Алтын бесігіміз ауылда тұрғандықтан, әртүрлі сұрақтармен келген қандастарымыздың мәселесін ешбір қиындықсыз түсініп, бірден көмектесуге тырысамын. Қазақ тілін білгендіктен, ашық-жарқын әңгімелесіп, еркін пікір алмасамыз. Кіндік қаным тамған туған жерімнің әр төбесін, елдің салт-дәстүрін, тарихын жақсы білемін.

В Казахстане не так много сел, основанных в 1847 году и наш Капал одно из них.Интересно, что в ХІХ веке мир узнал о просторах Казахских степей благодаря Капалу.Именно здесь один год прожил знаменитый английский путешественник Томас Аткинсон.Здесь у него родился сын, которого он назвал «Алатау-­Тамшыбұлақ». Исторически, Капал играл большую роль в истории Казахстана. Сегодня он возрождается и развивается в новом качестве туристического и аграрного центра.

Нурсултан Абишевич!

Как Вы сказали про дорожное строительство «Дорога признается тогда, когда доходит до моего дома». И я рад сообщить, что данное Вами поручение у нас в Капале полностью выполнено. В нашем селе практически заново постелили асфальт на 9 улицах на 630 миллионов тенге, а средняя школа получила новую спортплощадку на 8 миллионов тенге! И за это Вам огромное спасибо от моих односельчан! Сегодня сельчане всего Казахстана с огромной надеждой смотрят на Ваш проект «Ауыл – Ел бесігі»! Это почти 8 миллионов граждан и более 6 тысяч сел. Этот проект позволит значительно поднять социально-экономический уровень жителей села. А молодежь получит дополнительный мотив, чтобы остаться жить в селе – колыбели казахских ценностей и языка.

Президент мырза!

Сіз қоғамдық келісімді сақтап, татулығымызды арттыруда мемлекеттік тілдің рөліне айрықша мән беру қажеттігін айтқан болатынсыз. Осы тұста этносаралық бірлікті сақтауда мемлекеттік тілді білу үлкен рөл атқарады деп ойлаймын. Кейбір тиіскісі келіп тұратын бұзықтау жігіттерге «Бауырым, тыныштық па?» деп жауап берсем, олар бірден өз райларынан қайтып қалады. Осы сәтті пайдаланып, барлық замандастарымды, бүкіл Отандастарымызды татулығымызды бағалауға және бірігіп жұмыс атқаруға шақырамын.

Кейін қарай