15 Мамыр, 2023
696
ОТБАСЫ БЕРЕКЕСІ - СЫЙЛАСТЫҚ
Тараз қаласында "Қоғамдық келісім" КММ аясында "Отбасы мен отбасылық құндылықтарды нығайтудағы медиация қызметі " тақырыбында диалог алаңы ашылды.
Іс-шараның мақсаты - отбасы институтын бекіту және отбасылық құндылықтарды сақтау, медиация институтын отбасылық дауларда қолдану, ажырасу процестерін, отбасылық қатынастардан шығатын дауларды азайту.
Жиынға Жамбыл облысының Ақсақалдар мен Аналар кеңесінің, өңірлік "Ассамблея жастары" өкілдері қатысты.
Ашық диалогқа қатысқандар отбасында кездесетін мәселелер, құндылықтар жайлы сөз қозғап, бірқатар жайттарды талқылады.
Атап айтқанда, отбасылық мәселелерді шешудегі медиация мен Аналар кеңесінің жұмысына тоқталды. Тараз қаласы Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдурахман Зайнутдинов және облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Ыдырыс Юнусов отбасының қоғамдағы рөлі мен отбасындағы әкенің рөлі жайлы әңгіме қозғады. Ал Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің өкілі Роза Изятова ананың отбасындағы рөліне баса назар аударды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІІБ "Қоғамдық келісім" КММ медиация кабинетінің жетекшісі Валентина Досыбиева отбасылық жанжалдарды шешу нысаны ретіндегі медиацияның рөлін атап өтті. Әрбір отбасында туындайтын мәселелерді шешуде арнайы белгіленген қағида жоқ. Дегенмен, оны бейбіт жолмен шешу үшін мәселенің туындау себебін анықтап, оның алдын алу шараларын жасауға болатынын алға тартты.
Іс-шара барысында өңірлік "Ассамблея жастары" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Хамида Тұрдыева тақырыпқа байланысты өз ойымен, бастан өткен оқиғаларымен бөлісті. Өкінішке орай, бақытты отбасы болу үшін арнайы ережелер бекітілмеген. Отбасын сақтап қалу үшін оның барлық мүшелері атсалысуы қажет. Өзара түсіністік - бақытты отбасының негізі.
#отбасы
#отбасым
#Отбасыкүні
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Қызылордада Медиация апталығы аясында Отбасын қолдау орталығында кездесу өтті
-
Алматы облысында «Отбасы-тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті
-
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
-
ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, МЕЦЕНАТ АКБАРЖАН ЯХИЯҚАЖЫҰЛЫ ИСМАИЛОВ ЕКІ КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА АСТАНА ҚАЛАСЫНАН ЖАҢА ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ
10 Қыркүйек, 17:29
Сергей Пономарев Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының басшысы болып сайланды
8 Қыркүйек, 11:32
«Бірлік» халықаралық жастар лагерінің соңғы күні
9 Қыркүйек, 09:14
Алматы облысы Ұйғыр ауданында аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды
11 Қыркүйек, 22:01
Марат Әзілханов Жамбыл облысының «Масанчи жастары» қоғамдық бірлестігінің белсендісі З.Лировпен кездесті
11 Қыркүйек, 21:51
Марат Әзілханов Ұлттық «Тоғызқұмалақ» федерациясының вице-президенті Б. Оспановпен кездесті