Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қараша, 2018

1011

Павлодарлық оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелейтін жаңа оқулықтың тұсауы кесілді

Павлодар қаласындағы облыстық кітапханада «Өлкетану» атты жаңа оқулықтың тұсаукесер рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға қатысқан облыс әкімінің орыбасары Мейрам Бегентаев өз сөзінде балаларды патриоттық рухта тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

«Келер жылдың қаңтар айынан облысымыздың барлық мектептерінде жаңа оқулық бойынша білім беру басталады. Білімдерін осы бағытта тереңдеткен өскелең ұрпақ болашақта «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айқындаған міндеттерді жүзеге асыруға өз үлестерін қосатынына сенімім мол. Балалар Ертіс өңірінің ұлы тұлағаларымен мақтанып, солардан үлгі-өнеге алады деген үміт басым», - деді М. Бегентаев.

Жаңа оқулықтың авторларының бірі – ПМПУ профессоры Аймекен Сыздықованың айтуынша, сараптамалар мен түзетулерді есептегенде кітапты шығаруға бір жыл уақыт кеткен.

«Аталған оқулық Қазақстан тарихы, география, қазақ тілі мен әдебиеті, сондай-қа ән-күй пәндерімен ұштастырылған. Алайда, бұл кітап аталған негізгі пәндер мазмұнын қайталайды деген қате ұғым пайда болмауы керек», – деп аатп өтті А. Сыздықова.  

Оқулық жергілікті сипатқа ие. Мысалы, Қазақстан тарихы сабағында оқулықтың көмегімен жергілікті тарихты да оқытуға болады. Оқулық 5-7 сыныптарға арналған. Оқулық қазақ және орыс тілдерінде бөлек әзірленген. Бұл әрбір тілдің ерекшелігін ескеріп, материалды оқушыларға толық жеткізуге мүмкіндік берді.

«Өлкетану» курсы Қазақстанда пилоттық режимде енгізіледі. Оқулық «Рухани жаңғыру» және Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жүзеге асыру аясында іске асырылуда.

Кейін қарай