Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Ақпан, 2017

1378

Пайдалы лекторий

Бүгін Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ғылыми сараптамалық қолдау бөлімінің ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы «Жалпақтөбе» ауылдық округінде «2017 жылдың 31 қаңтардағы Мемлекет басшысының Жолдауы – жаңғырту бағдарламасы» тақырыбында лекторий өткізді. Аталмыш жиынға аудан қонақтары мен тұрғындары, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестік жетекшілері мен белсенділері және жастар қатысты.

Өз сөзінде Тараз иновациялық-гуманитарлық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Нышан Кахаров «2017 жылдың 31 қаңтарындағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: негізгі басымдықтары, мәселелер мен міндеттер» атты баяндамасында: «Мемлекет басшысының жаңа жолдауын тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар шетел де болашақта Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдің қатарына кіретін нақты жоспар ретінде үлкен қызығушылық танытып отыр. Жаһандану – алға қарай бағытталған қуатты секіріс » - деп атап өтті. Сондай-ақ Елбасы Жолдауындағы бес бағытқа жеке-жеке тоқтала отырып, дәріскер тыңдаушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.

Бұдан өзге «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімнің жетекші-сарапшысы, педагогика магистрі - Альбина Тапаева -«Кәсіби-техникалық білім беру: мәселесі, перспективалары және мәселелері» жайында сөз қозғаса,   ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімнің жетекші-сарапшысы -  Зарина Кулиева - «Ұлттық дәстүрлердің ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі рөлі» туралы, сондай-ақ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімнің жетекші -  Ербол Қаншымбеков - «Діни экстремизм: мәні, себептері мен міндеттері қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақыбында баяндама жасады. Лекторий соңында қатысушылар арасында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында терминдердің меңгерілгені және Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы жайында  викториналық сайыстар өткізілді. 

Кейін қарай