12 Қараша, 2016
1010
Петропавл «Тәуелсіз Қазақстан» пойызын қарсы алды
2016 жылғы 12 қарашада «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Петропавл қаласының стансасына келіп тоқтады. Пойыз делегациясының құрамына денсаулық сақтау, білім беру министрліктерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының жетекші мамандары, қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ және ұлттық компаниялардың өкілдері кірді. Кешқұрым уақытқа және солтүстіктің аязына қарамастан, қонақтар көңілді де қуанышты қарсы алынды. Салтанатты кездесуге мемлекеттік органдардың, этномәдени бірлестіктердің қызметкерлері, жастар, білім беру, мәдениет, азаматтық сектор саласының өкілдері, қоғамдық пікірлер көшбасшылары, БАҚ және т.б. жиналды.
Облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Сапаров қонақтарды қарсы алып, еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады.
Бұл акцияның басты мақсаттары мен міндеттері туралы пойыз штабының басшысы Әміржан Альпеисов айтып берді:
-Республикалық акцияның мақсаты Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен еліміздің қол жеткізген жетістіктерін көрсету, халықтар бірлігін нығайту, ел дамуының негізгі басымдықтары аясында шоғырлану, мәдени және қоғамдық іс-шараларды өткізу, халыққа медициналық, әлеуметтік, құқықтық қызметтер көрсету және де кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын қолдау мәселелері бойынша кеңес беру қызметтерін ұйымдастыру.
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы ондаған елдімекендерде болды және алда әлі ұзақ жол тұр. Петропавлда Қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық қабылдауын өткізу жоспарлануда, осы уақытта сарапшылар пулы әлеуметтік, заңгерлік, медициналық және басқа да маңызды мәселелер туралы кеңестер береді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған дәрістер-тұсаукесерлер күтілуде және де қонақтарды қайырымдылық шаралар мен мерекелік концерттен тұратын «Жақсылық жаса!» қайырымдылық акциясы күтіп тұр. Ал акциядан жиналған қаражат аса сырқат екі баланы – Иван Зологинді, Артур Куриевті емдеуге жұмсалады. Нәтижесінде «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы» акциясының қорытындысы шығарылатын брифинг өткізілді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
-
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
«Азаматтық қоғам өкілдерімен жұмыс кезінде басқарушылық, коммуникациялық дағдылар мен құзыреттер» практикаға бағытталған курс басталды
-
«Ассамблея жастары» ұйымының мүшелері Ақтау қ. маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды еске алды
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті
2 Шілде, 15:38
Астанада «Қазақстан мен Беларусь: достық әуендері» атты Беларусь мәдениетінің фестивалі өтті