Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Ақпан, 2021

596

Петропавлда 5-18 жас аралығындағы өнертапқыштар байқауы өз мәресіне жетті

Петропавлдағы Достық үйінде 5-18 жас аралығындағы балалар арасында өткен өнертабыстар конкурсының қорытындысы шығарылды.

Коронавирус инфекцияның таралуына қарсы жас өнертапқыштар көптеген тың дүниелерді жасап шыққан. Қазылар алқасы жұмыстардың дайындалу сапасы мен дизайнын, конструкцияның күрделілігін және бұйымның тәжірибелік қолданылу мүмкіндіктерін бағалады.

Жұмыстар үш жас топтары бойынша бағаланды. 5-9 жастағы кіші топта «Антивирус» бетперде жиынтығымен Джамиль Баязитов пен Злата Димитриади жеңімпаз атанды.

10-14 жас тобында Полина Репецкая 1-орын алды, ол дизайнерлік сөмке және «Погоди, Вирус» қолдан жасалған бетпердесін ұсынды. Байқауға жеке және ұжымдық жұмыстар қабылданып, Есіл ауданының балалар-жасөспірімдер аула клубы иеленді, олар «Ну, вирус, погоди!» жарнамалық плакаттар альбомын жасап шыққан. Жоғары топта «Вирусқа қарсы белбеу» өнертабысымен Карина Зикрина жеңіске жетті.

Арайлым Абжанова мен Инесса Анарбаева қорғану үшін, сонымен қатар ЖРА мен ЖРВИ алдын алу және емдеу мақсатында ингаляция рәсімін жүргізу үшін ауыстырылатын фитокартиджі бар ингаляциялық қорғаныс бетпердесін ұсынды. Фитокартридждер құрамында кеңірдекшедегі тарылуды жеңілдететін, шырышты қабықтардың ісінуін жеңілдететін емдік шөптердің құрамы бар.

Конкурсқа қатысқан барлық жұмыстар СҚО ассамблеясының Еріктілер қозғалысы орталығы өткізетін қайырымдылық акцияларында пайдаланылатын болады. Қатысушыларға естелік сыйлықтар мен сертификаттар берілмек.

Кейін қарай