Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Тамыз, 2021

450

Петропавлда «Ақ орамал» акциясы өткізілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі VІ саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен елімізде жыл сайын «Ақ орамал» акциясы өткізіледі.


Биыл Солтүстік Қазақстан облысында аталмыш акция Семей ядролық полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған болатын.

Акцияның мақсаты - облыс тұрғындарын этникалық шығу тегіне, дініне қарамастан, бейбітшілік идеясының айналасына топтастыру, қоғамдағы бірлік пен келісімді және азаматтардың елдің бейбіт болашағына деген сенімін арттыру.

Ақ орамалдың қазақ тарихында мағынасы тереңде жатыр. Бұл ана символы, ана сүтінің түсі адамзат өмірінің негізі, ар – намыс пен адалдықтың, пәктіктің нышаны болып табылады.


Аталмыш шараға Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған іс-шараға СҚО ҚХА облыстық ардагерлер кеңесі мен Аналар кеңесінің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары қатысты.

Акцияны өткізбес бұрын Достық үйінің белсенділері облыс орталығындағы гүлзарлардың бірінде орналасқан ескерткішті тазалау жұмыстарын жүргізді.

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері 1949-1991 жылдары Семей ядролық полигонындағы сынақ қатысушыларын және Чернобыль АЭС салдарын жоюшыларын бір минут үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Кейін қарай