Қазақстан халқы Ассамблеясы

03 Қыркүйек, 2021

353

Петропавлда Қазақстан халқы тілдері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды

Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл-руханият тірегі» атты салтанатты шара өтті.

СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі ұйымдастырған іс-шараға қоғам қайраткерлері, облыстық басқармалардың өкілдері, аудан және қалалардың тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, тіл жанашырлары ZOOM бағдарламасы арқылы тікелей эфирге қосылды.

Қатысушыларды СҚО әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досбол Абдриисов құттықтады. Досбол Нұржанұлы өңіріміздегі Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы туралы қысқаша тоқталып өтті.


Д.Абдриисов Солтүстік Қазақсан облысы әкімінің атынан мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтарды Құрмет және Алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ мерекелік шарада «Радзіма» Солтүстік Қазақстан облыстық белорус мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Мария Петровна Татаренконы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамотасына ие болды.



Кейін қарай