17 Қыркүйек, 2021
453
Петропавлда отбасы күніне арналған «Ауылыма кітап» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды
16 тамыз – 20 қыркүйек аралығында елімізде Отбасы күніне арналған «Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциясы өтіп жатыр. Аталмыш акция Қазақстанның ұлттық мұрасын насихаттауға, көпшілікке кітап оқуды дәріптеуге бағытталған. Сонымен қатар, ауыл мектептерінің кітапхана қорын кеңейту арқылы ауылдық жерлердегі балалар мен жастардың дамуы үшін жағдай жасауға жәрдемдесу.
«СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық келісім» КММ және «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» КММ қызметкерлерінің қолдауымен 16 қыркүйек күні Тайынша ауданының Келлеровка ауылында да «Ауылыма кітап» акциясы өткен болатын. Шараға «Қазақстанның Орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы Владимир Витченко, Тайынша аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Г.Сағындықова, Келлеровка ауылдық ардагерлер кеңесінің төрайымы және ауыл кітапханасының қызметкерлері қатысты. Жиналған қауым алдында сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Д.Уразбаева: «Бұл шараның басты мақсаты – жастарға кітап оқудың артықшылықтарын жан-жақты түсіндіріп, рухани құндылықтарды кеңінен дәріптеу. Оларды жастайынан отансүйгіштікке баулу арқылы олардың бойына ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, төл мәдениетін сіңіру», – деп атап өтті.
Кітапхана қорына жүзден астам кітап тапсырылып, оның ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары, жерлес жазушы Ғ.Мүсіреповтің туындылары және тағы көптеген қажетті әдебиеттер баршылық.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық акциясы өтті
-
КОСШЫ ҚАЛАСЫНДА «ОТБАСЫ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті
-
Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да Көрісу күні - бірлік, достық және құрмет күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
-
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – МЕЙІРІМДІЛІКТІҢ БЕЛГІСІ
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
27 Маусым, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті
30 Маусым, 16:36
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Солтүстік Қазақстан облысы
27 Маусым, 14:52
Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ZOOM форматында жұмыс отырысы өтті
27 Маусым, 14:47
ҚХА медиасаласын дамыту мәселелері бойынша жұмыс кездесуі өтті