26 Қазан, 2021
427
Петропавлда өткен дөңгелек үстел жастар саясатын дамытуға бағытталды
Петропавл қаласының Достық үйінде «Жастар диалогы: Ресей-Қазақстан» халықаралық жастар жобасы аясында шекара маңы аумақтарындағы «Жастар саясатын дамытудың негізгі векторлары: тәжірибе және өсу нүктелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Аталған жобаға Омбы қаласынан келген делегация, облыс белсенділері, ішкі саясат басқармасы, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты. Кездесудің модераторы «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының қауымдастығы» төрағасы Владимир Витченко болды. Омбы аймақтық «Омбы жастары» жастар қоғамдық қозғалысының президенті Сюзанна Егиян жастар саясаты саласындағы жұмысы туралы айтты.
Сондай-ақ, спикерлер ретінде Омбы облысының жастар ісі, дене шынықтыру және спорт министрлігі Жастар саясаты басқармасының бастығы Андрей Бем, Омбы қалалық Кеңесі жанындағы жастар қоғамдық кеңесінің төрағасы Алексей Цвелой, «П.А.Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік университеті», Ермек Хапизов – «МЫ – РОССИЯНЕ» «Ресей халықтарының жастар Ассамблеясы» жалпыресейлік қоғамдық қозғалысының Омбы аймақтық бөлімшесі кеңесінің төрағасы сөз сөйледі. Сонымен қатар, кейбір спикерлер тәжірибе алмасу үшін, онлайн форматты қолданды.
Кездесуде сарапшылар, жастар белсенділері, Ресей мен Қазақстан қоғамшылдары достас екі елдің қоғамдық және шығармашылық топтарының жас өкілдері арасындағы тұрақты қарым-қатынастың тиімді форматтарын талқылады.
Атлаған жоба Ресей мен Қазақстан арасындағы жастар диалог алаңдарын кеңейтуге және дамытуға бағытталған.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
-
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Сыр елі – достық мекені» республикалық жастар форумының пленарлық отырысы өтті
-
Бір апта бойы өткен этномәдени бірлестіктердің басшылары үшін практикалық-бағдарланған курс аяқталды
-
«Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен дамудың үш онжылдығы» халықаралық дөңгелек үстел өтті