
10 Маусым, 2016
1086
Пушкин бізбен бірге
Стихи Пушкина понятны, грациозны,
Многогранны, музыкальны и просты.
В них такая глубина, такая лёгкость
Увяданье осени, мороз зимы;
Чистая любовь без фальши –
Преданного сердца милый друг.
Пушкин вместе с нами, настоящий
Наша гордость, учащённый сердца стук!,
М.Ивашкин.
…Алаңда сыңғырлаған бала даауысы естіледі. А.Пушкиннің өлеңдерін оқып жатыр. Жанынан өтіп бара жатқан, өз ісінің қамын жеген қала тұрғындары жүрістерін тоқтатты. Орыстың ұлы ақыны, жазушысы Александр Сергеевич Пушкин бірден есіңе түседі. Бұл күні аттас скверде «Русская община Казахстана» ҚБ СҚФ және «Братство сибирских казаков» ҚБ ақынның 217 жыл толуына арналған «Я в гости к Пушкину спешу…» әдеби мерекесін өткізді. Осы мерекені өткізу Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына, Солтүстiк Қазақстан облысының құрылғанына 80 жыл толуына арналған. Пушкин күні үшінші рет орыс тілі күні ретінде атап өтілуде.
Пушкин туралы жаңа нәрсе айту қиын-ақ. Әлемде Пушкиннен әйгілі ешкім жоқ екені даусыз. Орыс поэзиясының нұр шашқан мейрамын ашу құқығы «Русская община Казахстана» қоғамдық бірлестігі Солтүстік Қазақстан филиалының төрағасы Николай Авдеевке берілді. Ол өз сөзінде А. Пушкин поэзиясының әлемдегі маңыздылығы жөнінде айтып өтті, бұл мерекенің негізін қалаушы В. И. Любушинді еске алып, жиналған қауымды орыс тілі күнімен құттықтады және Пушкин шығармашылығының дана туындыларын одан әрмен оқуды тіледі. Пушкиннің дарынына ырза ізет тұтушылар және қадірлеушілер оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Ақын ескерткіші жанындағы поэзия марафонына мектеп, лицей оқушылары, студенттер, әдеби бірлестіктің ақындары және тілек білдірушілер қатысты. Әдеби мерекеге қатысушылар үшін дәстүр бойынша ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы викторина дайындалды. Пушкиннің қандай лақап аттары бар? Татьяна Ларинаның әкесінің аты кім? А. Пушкиннің туындыларында қай әйел аты көп кездеседі? қандай сөз жазушының өлеңдерінде 14 рет кездеседі? Осы және басқа да сұрақтар балалар мен ересектерде шынайы қызығушылық тудырды. «Я в гости к Пушкину спешу…» меркесіне қатысушылардың барлығы іс-шараны ұйымдастырушылардан алғыс алды.
Галина Кузьмина
«Русская община Казахстана» ҚБ СҚФ
баспасөз хатшысы
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
Елорда күніне орай Астанада «Біргеміз» атты ән-би фестивалі өтті
-
Семейде 1000-нан астам адам Әнұранды бірге шырқады
-
Қызылордада Пушкиннің 220 жылдығы үлкен театрландырылған қойылыммен аталып өтті
-
Халықтар достығы мәңгілік!
-
Өскеменде облыстық ақсақалдар мүшесі Бағдаулет қажы Мүрсәлімұлына қошемет көрсетілді
Ұқсас жаңалықтар
-
«Бейбітшілік пен келісім үшін бірге жеңіске жеттік» тақырыбында халықаралық стратегиялық сессия өтті
-
Елорда күніне орай Астанада «Біргеміз» атты ән-би фестивалі өтті
-
Семейде 1000-нан астам адам Әнұранды бірге шырқады
-
Қызылордада Пушкиннің 220 жылдығы үлкен театрландырылған қойылыммен аталып өтті
-
Халықтар достығы мәңгілік!
-
Өскеменде облыстық ақсақалдар мүшесі Бағдаулет қажы Мүрсәлімұлына қошемет көрсетілді