Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Ақпан, 2017

942

ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттаттары Таразда

Тараз қаласының қалалық мәдениет үйінде білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, қаржы ұйымдары, сонымен қатар этномәдени бірлестіктердің мүшелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауы талқыланды.

Өз сөзінде Мәжіліс депутаты Қожахан Жабағиев: «Биылғы Жолдаудың ерекшелігі – басты назарды экономиканы реформалауға, техникалық жаңғыртуды жылдамдатуға аударған», -деді.

Сонымен қатар, Сәкен Қаныбеков: «Елбасымыздың аталмыш Жолдауындағы бес басымдылық еліміздің әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына қосу», - деп өз ойын білдірді.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында жеткен жетістіктерді жан-жақты атап өткен Парламент Мәжілісінің депутаты Жанат Омарбекова өз сөзінде: «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқына қамқорлық жасаудан шаршамайды. Адам өмірінің сапасы жайында айтқанда, ол әрқашан үш кілт ережесін еске алады. Біріншісі – көлік кілті, екіншісі – кеңсе кілті және үшіншісі – үй кілті. Біз осы ереже бойынша келе жатқанымызды сенімді түрде айта аламын» - деді.

 

Кейін қарай