Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Ақпан, 2017

1003

ҚР Президентінің Жолдауын басшылыққа алып

Көкшетау қаласындағы Қоғамдық келісім сарайында 2017 жылғы 21 ақпан күні Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің (ҚКК) отырысы өтті.

«ҚР Президентінің Жолдауы – осы жылдың маңызды саяси құжаты, онда өткен жолдың қорытындысына, мәселелерді шешуге және алдағы міндеттерге терең талдау жасалған. Аталмыш құжат – ол Мемлекет басшысының болашақ туралы ойлары, мемлекеттің келешекке арналған жоспары, барлық азаматтар үшін тиімді Қазақстанның болашағы осыған негізделген», - деп атап өтті іс-шараның модераторы, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары, «Ақмола облысы поляктарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Суховецкий, «Чуваш этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі Күміс Мұратбекова, Ақмола облысының Жастар ресурстық орталығының басшысы, қалалық мәслихат депутаты Темір Ысқақов Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Қазақстан халқына Жолдауында белгілеп өткен Үшінші жаңғырудың бес негізгі басымдылығы туралы өз ойларын білдіріп өтті.

Азаматтық, қоғамдық келісім және қоғамдағы жалпыұлттық бірлік қағидаларында негізделе отырып, қазақстандық бірегейлікті нығайту мен дамыту бойынша міндеттерді іске асыру мақсатында Қоғамдық келісім кеңесінің 2017 жылға арналған Жұмыс жоспары ҚКК отырысы қатысушыларының талқысына салынды, сонымен қатар ҚХАА жанындағы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен сарапшылық сауалнама өткізілді.

Ақмола облысында 240 Қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс істейтінін, олардың 2800 астам адамды қамтитын 220-сы ауылдық елді мекендерде шоғырланғанын атап өткен жөн.

Ақмола облысының Қоғамдық келісім кеңестері ҚХА қолдауымен құрыла отырып, халықтың кез-келген өзекті мәселелерін талқылауға, құрылымдық шешімдерді өңдеуге және қабылдауға арналған әмбебап диалогтық алаңға айналып кетті. Олар әлдеқайда маңызды мәселелерді ашық талқыға салып, қоғамдық пікірді мемлекеттік органдарға жеткізеді.

Кейін қарай