
23 Тамыз, 2022
972
Құрметті отандастар! (үндеу)
Біз, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан Республикасындағы Украина елшісі Петр Врублевский мырзаның қазақстандық блогерлердің біріне берген сұхбатында айтқан сөздерін қатаң айыптаймыз және ондай сарындағы мәлімделерге жол беруге болмайды деп санаймыз.
Бейбітшілік пен бірлік біздің мемлекеттік саясаттың және қоғамдық бірігудің басты қағидалары. Сондықтан мұндай пікірді кім айтса да біздің қарсылығымызға ұшырайды.
Дипломатия – өшпенділік пен араздықты қоздыру үшін емес, бейбітшілік пен ынтымақтастық идеалдарына қызмет етуі тиіс.
Қазақстанның біртұтас көпэтносты халқы үшін достық, өзара көмек және бейбітшілік қағидалары мызғымайтын ұстаным. Олар бізге Тәуелсіздігіміздің қалыптасуының ең қиын жылдарында да этносаралық қақтығыстардың алдын алып, еліміз бен халқымыздың тұтастығын сақтауға көмектесті.
Өшпенділікті қоздыратын кез-келген пікір, этностық жек көрушілік пен оның қандай болмасын көріністерін насихаттау біз үшін жат ұғым.
Барлық қазақстандықтарды дұшпандық пен зұлымдықты насихаттайтын арандатуларға ермей, ұрпақтың бүгіні мен болашағы үшін елдегі бейбітшілік пен халық бірлігін сақтауға және нығайтуға шақырамыз.
Қазақстан халқы ассамблеясының Кеңесі,
Нұр-Сұлтан қаласы, 23 тамыз 2022 жыл.
Ұқсас жаңалықтар
30 Қараша, 15:24
Астанада «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
28 Қараша, 16:16
Талдықорғанда Достық үйінің 15 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен келісім – қазақстандық қоғамның ең жоғары құндылықтары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті
29 Қараша, 19:29
ҚХА "АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ" ОТЫРЫСЫ: ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМДІ НЫҒАЙТУДАҒЫ АҚСАҚАЛДАРДЫҢ РӨЛІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
30 Қараша, 20:20
ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МИНИСТРІНІҢ АССАМБЛЕЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУІНДЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ
27 Қараша, 15:22
ШҚО-да «Ассамблея – жастардың көзқарасы» атты Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-ші сессиясы өтті