17 Тамыз, 2017
868
Рухани жаңғыру-заман талабы
2017 жылғы 15 тамызда «Нұр Отан» партиясының Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық филиалында елордалық этномәдени бірлестіктердің қатысуымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылауға негізделген сұқбаттасу алаңы болып өтті. Оның барысы бойынша алдағы атқарылатын істер жан-жақты пысықталды.
Іс-шараға «Нұр Отан» партиясының мүшелері, мемлекеттік органдар мен Астана қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, БАҚ қатысты.
Тағылымдық мәні бар жиында Астана қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясы ғылыми сарапшылық тобының кураторы З.Г. Жүсіпова қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесінің негізгі түйінін тарқатып айтып берді. Сонымен бірге, «Қырғызстан-Астана» этномәдени орталығының төрағасы Ш.А. Исмаилов жастардың қоғамда алар орнына кеңінен тоқталып, рухани жаңғыру мәселесіне қатысты өзіндік пікірін білдірді: «Қазіргі жаһандану үдерісіне сай өте қарқынды дамып келе жатқан өмір талабына ілесу-біздің әрбірімізге зор жауапкершілік жүктейді. Сондықтан өзіміздің тереңнен тамыр жайған ұлттық тарихи құндылығымызды сақтап, бүгінгі заман талабына бейіміделе білуіміз керек»,-деді ол.
Қазақстанның эволюциялық даму жолында ұлттық бірегейлікті сақтау өте маңызды рөл атқарады. Осы жөнінде жиналғандар алдында ой бөліскен Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы Ш.А. Пулатов әрбір қазақстандықтың кемел рухани жаңғыруы еліміз бірегейлігінің негізгі тірегі болып саналатынын атады.
Сұқбаттасу алаңына қатысушылар Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген негізгі басымдықтар туралы ой бөлісіп, ондағы қазақстандық патриотизмнің құндылықтарына негізделген салт-дәстүрлер мен ұлт бірлігін сақтау маңыздылықтарына ерекше тоқталып өтті.
Жалпы тапсырмалар туралы өзіндік пікірін білдірген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Р. Рахматуллин біздің еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірлікті нығайтуда этномәдени бірлестіктердің орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ іс-шара барысында елордалық этномәдени бірлестіктердің қатысуымен бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы бейнетүсірілімнің көрсетілімі болды.
Дата события ассамблеи: 17.08.2017
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысында «Отбасы-тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті
-
«Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өтті
-
Медиация уақыт талабында
-
«Бүгінгі заман ертегісі» республикалық байқауының қорытынды отырысы
-
«Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» тақырыбындағы форумы өтті
-
ҚХА Кеңесі ҚР Президентінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқылады
28 Тамыз, 18:45
Ақмолада өткен ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
27 Тамыз, 20:02
Алматы қ. ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді
27 Тамыз, 18:05
Қазақстан халқы Ассамблеясының “Мектепке жол” акциясы Жамбыл облысында
29 Тамыз, 17:33
ҚХА «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
28 Тамыз, 18:48
Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Қостанайда өткен қос шара
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысында «Отбасы-тұлғаның рухани-адамгершілік тәрбиесінің негізі» тақырыбында облыстық семинар өтті
-
«Мағжан Жұмабаев – заманның заңғар тұлғасы» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өтті
-
Медиация уақыт талабында
-
«Бүгінгі заман ертегісі» республикалық байқауының қорытынды отырысы
-
«Саяси қуғын-сүргін: тарих тағылымы және қазіргі заман» тақырыбындағы форумы өтті
-
ҚХА Кеңесі ҚР Президентінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқылады