14 Шілде, 2015
1317
Сабантой мейрамы тойланды.
Орал қаласының мәдениет және демалыс саябағында татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен татар халқының дәстүрлі Сабантой мейрамы тойланды.
Орал қаласының мәдениет және демалыс саябағында татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен татар халқының дәстүрлі Сабантой мейрамы тойланды. Жиналған жұртшылықты Сабантоймен құттықтаған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің мәлім еткеніндей, аталмыш мереке татар бауырлар ғана емес, өңірде тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық этнос өкілдерінің ортақ тойына айналды. Биылғы Сабантойдың ерекшелігі, ол Елбасы жариялаған Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ұйымдастырылып отыр. «Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз - Ел бірлігі болуы керек», - деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында атап өткеніндей, осындай ортақ мерекелер арқылы ел бірлігі нығая түседі. Татар халқының мейрамымен Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов те құттықтап, мұндай мерекелерімен мерейіміз өсе түсетінін атап өтті.
Қалалық мәдениет және демалыс саябағында Татарстан астанасы Қазан қаласынан арнайы келген белгілі әртістердің қатысуымен концерт қойылды. Оған облыс аудандарынан келген шығармашылық ұжымдар да белсене қатысты. Жиналғандарға, әсіресе, татар халық әндері айрықша әсер қалдырды. Сонымен қатар «Теңге алу», «Таяқ тарту», «Құмыра сындыру», «Бұрым өруден» халықтық сайыстар тосындығымен ерекшеленсе, балалар асфальтқа суреттер салды. Арқан тарту, гір тасын көтеру, татар күресінен озып шыққандар да сый-сияпатсыз қалған жоқ. Енді бірқатары татар әндерін орындаудан сынға түссе, кейбіреулері сырнайларын сызылтты. Жан жадыратар татар билері де биленіп жатты. Мерекеге келген қонақтар татар ұлттық тағамдарынан дәм татты.
«Таң» (Астана қаласы) татар-башқұрт мәдени орталығының атқарушы директоры Светлана Тенишеваның айтуынша, Сабантой соқа және той деген түркі сөздерінен алынған. Сабантой көктемгі егіс жұмыстары біткеннен кейін тойланады. Егінді егіп, көңілін жайлаған ағайынның қуанышын білдіреді. Қазіргі уақытта, Сабантой Татарстан ғана емес, Қазақстанда да кеңінен тойланып келеді.
Өңірде сегіз мыңнан астам татар халқының өкілдері тұрады. Оралдықтар, әсіресе, татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың есімін ерекше қастер тұтады. Орал қаласында балалық және жастық шағы өткен ақынның ескерткіші орнатылып, көшеге аты берілген.
БҚО «Қоғамдық келісім» КММ-сі
Ұқсас жаңалықтар
-
Елордада «Сабантой» мерекесі аталып өтті
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
-
Наурыз мейрамы қарсаңындағы маңызды кездесулер
-
Көкшетауда «Русская песня» халықтық ансамблінің 25 жылдығы тойланды
-
2020 жылы таталардың республикалық Сабантойын Шымкентте өткізу ұсынылды
-
Қостанай облыстық ҚХА-сы «Яблочный спас» мейрамын атап өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Елордада «Сабантой» мерекесі аталып өтті
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
-
Наурыз мейрамы қарсаңындағы маңызды кездесулер
-
Көкшетауда «Русская песня» халықтық ансамблінің 25 жылдығы тойланды
-
2020 жылы таталардың республикалық Сабантойын Шымкентте өткізу ұсынылды
-
Қостанай облыстық ҚХА-сы «Яблочный спас» мейрамын атап өтті