19 Шілде, 2015
1969
САБАНТОЙ
2015 жылдың 19 шілдесінде Петропавл қаласының орталық алаңында «Дуслык» татар-башқұрт орталығы мен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған «Сабантой – 2015» мерекелік шарасы болып өтті.
2015 жылдың 19 шілдесінде Петропавл қаласының орталық алаңында «Дуслык» татар-башқұрт орталығы мен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған «Сабантой – 2015» мерекелік шарасы болып өтті.
Бұл мерекенің ерекшелігі алаңға татар-башқұрт этностарының өкілдері ғана жиналған жоқ. Аталған мерекеге орыстар мен қазақтар, белорустар мен қырғыздар, украиндар мен тәжіктер, азербайжандар мен немістер және де басқа да этностар жарқын да шуақты «Сабантой» мерекесімен құттықтап келді.
Биылғы жылы дәстүрлі мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылының шеңберінде өткізілді.
Сабантой ежелден бері көптеген түркі халықтарының маңызды оқиғалар тобына енген. Бүгінде ол бастапқы мәнімен қоса көктем мезгілінің аяқталуын және де Қазақстан халықтарының мәдени байлығын, ана тілдерін, қуанышын және қонақжайлылығын сақтауға ұмтылысын аңғартып, түрлі ұлт өкілдерінің бірлікте болуына ықпал етіп келеді.
«Сабантой» мерекесін салтанатты түрде ашу құрметі Солтүстік Қазақстан облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Салимов Наиль Камилұлына берілді.
«Дуслык» татар-башқұрт орталығы 1989 жылы құрылған, оның төрағасы Баязитов Амир Шамилұлы. Өзінің кіріспе сөзінде ол мерекеге қатысушылардың барлығын «Сабантой» мерекесімен құттықтап, береке, тыныштық, түсіністік тіледі.
Концерттік бағдарлама үш сағат бойы жалғасып, түрлі тілдерде орындалған әндер, хореографиялық нөмірлер, өлең-жырлар, вокалдық-аспаптық қойылымдар т.б. - осы мерекенің шырайын келтіріп, көрермендерге демалыс сыйлады.
Фестивальға «Дуслык» вокалдық ансамблі, Қазаннан келген қонақтар «Булгар Казлары», СҚО танымал әншісі Ильдар Сисанбаев, Мамлютка қаласынан келген қонақ Динара Насырова, «Дружные ребята» үлгілі-көрсеткіш ансамблі, «Забияки» шоу-тобы, «Қуанамын» би студиясы және т.б. қатысты
Мереке соңында қонақтар «Қапшықпен жүгіру», «Иінағашпен жүгіру», қыш құмыраларды сындыру секілді дәстүрлі конкурстар өткізді.
«Сабантой» мерекесіне қатысқандардың баршасы концерттік бағдарлама мен конкурстардан зор ләззәт алды. Содан кейін де алаңда қалған көпшілік жұрт тамаша татар әндеріне билеп, көңілдерін көтерді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Елордада «Сабантой» мерекесі аталып өтті
-
2020 жылы таталардың республикалық Сабантойын Шымкентте өткізу ұсынылды
-
ОРАЛДА «ЖЕР ӨҢДЕУ МЕРЕКЕСІ» АТАЛЫП ӨТТІ
-
Атырау делегациясы Қазан қаласында Дүниежүзілік татарлар конгресі атқару комитетінің басшысымен кездесті
-
Сабантой – татарлардың жер мен адал еңбекке деген махаббатының жарқын көрінісі
-
Петропавлда Сабантой мерекесі атап өтілді
24 Маусым, 17:05
Астанада БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында ҚХА салтанатты отырысы өтті
25 Маусым, 18:05
ҚХА Хатшылығында жұмыс отырысы: Жетісу облысы
21 Маусым, 14:48
«Жаңа толқын – Өзгерістер энергиясы» атты ҚХА жастар форумы өтті
вчера, 16:01
Көкшетауда Журналистер клубының кезекті отырысы өтті