Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қазан, 2015

1642

Салт-дәстүр сабақтастығы, ұрпақ байлығы

2015 жылғы 27 қазан күні Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақтан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Этномәдени бірлестіктер және салт-дәстүр сабақтастығы» фестивалі өтті.

2015 жылғы 27 қазан күні Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақтан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Этномәдени бірлестіктер және салт-дәстүр сабақтастығы» фестивалі өтті.

Қазақстандық этностардың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына арналған облыстық салт-дәстүрлер сабақтастығы фестивалінің негізгі мақсаты – ұлттық салт-дәстүр арқылы этносаралық қарым-қатынасты нығайту, ішкі бірлікті дамытуға үлес қосу.

Фестивальге қатысушы облыстық этномәдени бірлестік өкілдерінің тарапынан негізінен отбасы және неке саласындағы әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер көрермен назарына ұсынылды.

Әр топ өздерінің ұлттық құда түсу, қыз ұзату және келін түсіру дәстүрлерінің ерекшеліктерін, өзіндік қасиеттерін барынша тереңінен көрсетуге тырысты.

Конкурсқа көнекөз қариялармен бірге жас буын өкілдерінің қатысуы, олардың ұлттық санасын жаңғырту жолындағы ізденістерін арттыру – негізгі міндеттердің бірі болып табылғандығын айта кету керек.

Фестиваль қорытындысы бойынша бас жүлде - «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігіне бұйырды. Ал, бірінші орынды облыстық славян этномәдени бірлестігі алса, екінші орын – татар-башқұрт этномәдени бірлестігіне, үшінші орын өзбек этномәдени бірлестігіне бұйырды.

Қатысушы барлық командаларға дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

 

Кейін қарай