Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Ақпан, 2020

2379

Семей: Дәстүрлі татар тағамдарының аспаздық байқауы

Семейде Шығыс Қазақстан облыстық татар қоғамдастық орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы мен Татар орталығының 30 жылдығына арналған дәстүрлі «Татар халык ашлары бик тәмле һәм файдалы аспаздық байқауын өткізді.


Байқауға көптеген нағыз аспаздық мамандар жиналады. Биыл 32 тағам ұсынылды.


Қазылар алқасының мүшелері - татар тағамдарының білгірлері, Семей қаласы әкімінің орынбасары А.Садырбаевтың төрағалық етуімен әр тағамнан дәм татты. Нәтижелерді қорытындылау кезінде тағамның рецепті де, оны ұсыну әдіс-тәсілі де мұқият ескерілді. Сөзсіз жеңімпаз - Семей қаласы әкімінің сыйлығын жеңіп алған Тахира Измайлованың ұсынған құрметті қонақтар үшін дайындалатын «Зур бәлиш» мерекелік тағамы болды.


Бірінші орынды Тахир Сайфуллин ұсынған жылқы етінен және қамырдан дайындалған Куллама жеңіп алса, Рашида Канаеваның «Балан бәліші» мен Тахира Измаилованың «Боранара» торты екінші орынға лайық деп танылды. Үшінші орынды Вильнура Вилданованың «Эчпучмагы», Идалия Сайфутдинованың «Самсасы», Галия Абдулкаримованың «Кабак Бәліші» өзара бөлісті.

Байқауға қатысушылардың барлығы естелік сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды.


Кейін қарай