Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Шілде, 2021

446

Семейде Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды

Семей қаласында Құрбан айт қарсаңында этномәдени орталықтардың басшылары мен белсенділері, Аналар кеңесі мен «Қоғамдық келісім» кеңесінің мүшелері мұқтаж жандарға көмек қолын созды.

"Үміт" қоғамдық қоры 10 көп балалы отбасына, 5 мүмкіндігі шектеулі адамға және де тұрмысы төмен жандарға көмек берді. Сонымен қатар, балаларға тегін тәттілер таратылды.

Барлығы 45 адамға жалпы сомасы екі жүз қырық бес мың теңге көмек көрсетілді.


Кейін қарай