
24 Тамыз, 2022
345
Семинар – Индер ауданында
Атырау облысы Индер ауданында саяси реформаларды жүзеге асыру барысын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихаттық топ Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің жұмыс қорытындысын тәжірибелік семинарда талқылады.
Модератор, аудан әкімінің орынбасары Ж.Иғалиев атап өткендей, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының азаматтардың мүддесі үшін жұмыс істеу басты қағидасын басшылыққа ала отырып, жергілікті атқарушы органдар, азаматтармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен тығыз қарым-қатынаста болып, қоғамдық келісім мәселелерін жедел шешуде.
Атырау облысы «Қоғамдық келісім» КММ медиация үйлестірушісі Ж.Асабаева қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның қоғамдық құрылымдарының жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы басым бағыттары туралы хабардар етті.
Облыстық ҚХА Қоғамдық келісім мен Әкелер кеңесінің жетекшісі, облыстық мәслихаттың депутаты Н.Ермұханов, Индер ауданының Қоғамдық келісім кеңесі төрағасы С.Жөкеев және Билер кеңесінің төрағасы Т.Темірболатов, кәсіпқой медиатор, Индер ауданының көпсалалы колледжінің директоры Б.Құнас елді-мекендер мен ауылдарға дейін енгізілген жүйесі - халықтың және азаматтық қоғам институттарының билік органдарымен сындарлы өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін, азаматтық белсенділік пен патриотизмді, қоғамдық өзін-өзі басқару дәстүрлерін, халықтың мемлекетке сенімін қалыптастыратын Қоғамдық келісім, медиация, аналар, ардагерлер кеңестерінің жұмысы туралы әңгімеледі.
Баяндамашылар аудан тұрғындары арасындағы тұрмыстық даулар мен түсініспеушіліктер санының оң өзгерістерін атап өтті.
Сондай-ақ, қоғам белсенділері бір кездері Индер ауданына қарасты әрбір ауылда жұмыс істеген қант қызылшасын өңдейтін цехтардың жұмысын жандандыру қажеттігі туралы пікір айтты.
Е.Неледовтың «Этномедиация: этносаралық ортадағы жанжалдардың алдын алу және реттеу» тақырыбындағы шеберлік сабағы үлкен қызығушылық тудырды. Индербор кенті әкімі аппаратының бас маманы Е.Осепян, М.Әуезов атындағы орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі Е.Тұрашев, жастар ресурстық орталығының маманы А. Хайруллаева кәсіби халықаралық медиатордан барлық сұрақтарына жауап алды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Шортанды ауданында семинар-тренинг өткізді
-
Лугмар Буларов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: сенім және келісім» қоғамдық жобасы шеңберінде семинарға қатысты
-
ҚХА «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация семинар-тренингтер өтті
1 Тамыз, 19:35
Қызылордада ҚХА Төрағасының орынбасары этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесті
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
вчера, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті
вчера, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Шортанды ауданында семинар-тренинг өткізді
-
Лугмар Буларов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: сенім және келісім» қоғамдық жобасы шеңберінде семинарға қатысты
-
ҚХА «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация семинар-тренингтер өтті