14 Қаңтар, 2016
1025
Семинар өткізілді
Ағымдағы жылдың 13 қаңтарында Іле ауданы Байсерке ауылының №12 орта мектебінде Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы бойынша Алматы облыстық этномәдени орталықтар төрағалары және этнос өкілдерінің семинары өтті. Онда Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ. Тұрсынбайұлы және «Достық үйі-Қоғамдық келісім орталығы» КММ директоры Ж Сәдеков қасиетті Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы және жастар арасындағы этносаралық татулықты насихаттау тақырыптарын талқыға салып, Елбасының Жолдауын жүзеге асырудың жолдарын қарастырды.
Этномәдени орталықтарының ұсыныстары қаралды және Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында медиация орталығын ашу жоспары талқыланды. Жаңадан енгізілген медиатор маманының негізгі мақсаты этносаралық дау-жанжалды медиациялық жолмен сотқа дейін шешу болып табылады. Хатшылық меңгерушісі Ғ. Тұрсынбайұлы Достық үйіндегі медиатор М. Қасымовамен таныстырып, этномәдени орталықтардың төрағалары мен төрайымдарына әрбір ЭМО-да заңгер-медиатор штатын енгізуді тапсырды.
Семинарда Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Жамал Қасымбекқызы қоғамда қыздарға қатысты болып жатқан келеңсіз жайттардың алдын алудың жолдарымен, жұмыс жоспарымен бөлісті. Семинар соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне белсене араласып, этносаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлестері үшін Алматы облысы Іле ауданындағы Ассамблея белсенділері марапатталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті
-
ҚХА Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов Шортанды ауданында семинар-тренинг өткізді
-
Лугмар Буларов ҚХА-ның «Біртұтас қоғам: сенім және келісім» қоғамдық жобасы шеңберінде семинарға қатысты
-
ҚХА «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация семинар-тренингтер өтті
вчера, 11:56
«Құрмет пен төзімділік қоғамды бейбітшілікке, келісім мен дамуға апаратын жол. Өзара құрмет құндылықтары»
7 Тамыз, 22:49
ПАВЛОДАРДА ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫН ҚОЛДАУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БАСТАМАЛАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
5 Тамыз, 22:50
ЭТНОМЕДИАЦИЯ - БЕЙБІТ ДИАЛОГ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ: АҚТАУДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМЕДИАТОРЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ
3 Тамыз, 15:02
Марат Әзілханов Қызылордада салынып жатқан жаңа Достық үйінің құрылысымен танысты
7 Тамыз, 12:15
ҚХА мүшелері өрттен зардап шеккен отбасыға көмек көрсетті