26 Мамыр, 2017
938
Семинар-тренинг туралы ақпарат
2017 жылдың 26 мамырында «Алматы кәсіподақтар одағының» ғимаратында ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ республикалық әдістемелік медиация кабинеті Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірге «Қоғамдағы татулық пен бірлікті қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі» тақырыбына семинар-практикум өткізді.
Семинарға республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің, медиация саласының өкілдері, кәсіпкерлер мен мекеме қызметкерлері қатысты.
Семинар-практикумның негізгі мақсаты жанжалдарды болдырмау және халықтың бірлігі мен келісімін сақтаудағы медиацияның рөлін түсіндіру болып табылады. Семинар қатысушыларына спикерлер медиацияның негізгі мәселелері мен сұрақтарын және медиация арқылы қоғамда пайда болатын жанжалдарды реттеудің тәсілдері туралы айтты.
Іс-шараны ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ республикалық әдістемелік медиация кабинетінің меңгерушісі Альтекова Нұрсәуле Әбдіқадырқызы ашып, жүргізді. Ол қоғамның бірлігін сақтаудағы, дау-жанжалдарды болдырмаудағы медиацияның маңыздылығы жайлы айтып, заманауи, әлсіз қарым-қатынастардағы медиацияның маңыздылығын түсіндіріп, медиацияны қолданудың шетелдік және қазақстандық үлгілерін мысалға келтірді.
Сонымен бірге, Альтекова Н.А., Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында келтірген қоғамның рухани жаңғыруының маңыздылығы жайлы сөз айтты. Бүгінгі күні рухани жаңғыру Қазақстанның халқы үшін аса маңызды болып табылады. Альтекова Н.А. Қазақстанның рухани жаңғыруы қазіргі замандағы адамгершілік пен жалпы адамдық құндылықтардың жетіспеушілігінен пайда болғанын атап айтты. Біздің азаматтарымыздың, әсіресе жастардың санасын жаһанданудың, халықтың бірлігіне жағымсыз әсерінен сақтап қою өте маңызды.
Іс-шараға қатысушылардың барлығы медиацияның маңызды рөлі мен қоғамдағы жанжалдарды реттеудегі тәжірибелік пайдасымен және Қазақстан Республикасы халқының бірлігін сақтаудағы медиацияның қажеттілігімен келісті. Іс-шараның аяғында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағаларына арналған тренингтер аяқталды
-
«Жас ұрпақты еңбекке баулудағы Адал азамат концепциясы» тақырыбындағы онлайн республикалық семинар
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау қаласының маңында болған қайғылы ұшақ апаты туралы жаңалықты күйзеліспен қабылдады
-
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Көшбасшылар мектебі» жобасы басталды
-
ҚХА АЛМАТЫДА МЕДИАЦИЯ ИНСТИТУТЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ЕКІКҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
-
Астанада мемлекеттік қызметшілерге этносаралық келісімді қамтамасыз ету саясатын іске асыру бойынша семинар-тренинг өтті