Қазақстан халқы Ассамблеясы

26 Маусым, 2019

2064

Шерзод Пулатов: Елбасы. 30 жылға созылған сарабдал билік

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 30 жыл құрған салиқалы билігі барысында қол жеткізген зор жетістігі – Қазақстанда тұрып жатқан этностарды біріктіріп, қоғамдық келісім орнатты. Ол достық пен бірліктің маңыздылығы туралы біздің түсінігімізді тәрбиелеуге үлкен үлес қосты.

Қазақстандықтардың менталитеті өзгерді, соның негізінде өзара түсіністік, көмек және сенім сияқты элементтер қалыптасты. Біздің байлығымызды «Бірлік саналуандықта» деген бір ауыз сөзбен айқындай отырып, Елбасы бізді жоғары белеске жетуге шабыттандырды. Нәтижесінде бүгінгі күні Қазақстанның барлық азаматтары өз мақсаттарын жүзеге асыруда ұлттық немесе діни тиесілілігін шектемей, тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие болды.

Бұл бейбітшілік пен келісім орнаған елде өмір сүрудің және жұмыс істеудің үлкен бақыты, ал жалпы халықтық мақсат – әрбір адам үшін гүлдену мен жақсы өмір сүруге қол жеткізу болып табылады.

Шерзод Пулатов,

ҚХА Төрағасының орынбасары,

Нұр-Сұлтан қаласының өзбек этномәдени орталығының төрағасы


Кейін қарай