Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Қазан, 2023

231

Шымкент қалалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын дамыту бойынша семинар-тренинг өтеді

2023 жылғы 11 қазанда Шымкент қалалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын дамыту бойынша семинар-тренинг өтеді.

Семинар-тренингті ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырады.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ бас сарапшысы Талшын Италиева, кәсіби медиатор, «Парасат» медиация және құқық орталығы ЖМ тренері Мұхтар Адаев, психолог-шиленістанушы Резеда Баймухаметова, Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ербол Байқоңақов және этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері қатысады.

Іс-шараның мақсаты – шиеленістерді реттеу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру, алдын алу саясатын дамытуға ықпал ететін медиацияны қолданудың әдістері мен тетіктерін үйрету, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға байланысты қоғамдық ұйымдардар қызметінің жаңа қырларын анықтау, медиация кабинеттері үйлестірушілерінің, ҚХА қоғамдық құрылымдары мүшелерінің медиация құралдары мен әдістерін өз тәжірибелерінде қолдануы.

Семинар-тренингте этносаралық медиацияны жүргізу ерекшеліктері, медиациядағы зерттеу кезеңі, тұлға психодиагностикасы, этносаралық қатынастардағы қақтығыстарды реттеу әдістері мен тәсілдері, этносаралық қақтығыстарды талдау тақырыптары қаралады.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Алдағы уақытта семинар-тренинтер Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарында өтетін болады.


Кейін қарай