Қазақстан халқы Ассамблеясы

10 Наурыз, 2021

438

Өскеменде көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» марафоны аясында Өскемен қаласының Достық үйінде этномәдени бірлестік мүшелері қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Игі шара шешен-ингуш этномәдени бірлестігі төрайымы Татьяна Кагерманова мен армян этномәдени бірлестігі төрағасы Степанян Анушаванның ұйытқы болуымен өтті.

Этномәдени бірлестік мүшелері мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған екі көпбалалы отбасын таңдап, азық-түлік пен тұрмыстық заттар жеткізді.

- Бізге келіп қол ұшын созғандарыңызға көп рахмет. Жолдасым пандемия кесірінен жұмыссыз қалды. Қолдағы бар ақшамыз науқас баламыздың дәрі-дәрмегіне кетіп жатыр. Осындай қиын сәтте демеу болғандарыңызға алғысымыз шексіз, - дейді көмек алған ана.

Шығысқазақстандық ҚХА мүшелері қайырымдылық акциясын мұнымен тоқтатпайтындарын айтып отыр.


Кейін қарай