
27 Ақпан, 2017
1671
«Соғыссыз әлем» сурет байқауы
Әзірбайжан халқының Ходжалы трагедиясына 25 жыл толуына орай Қазақстан Республикасындағы Әзірбайжан республикасының Консулдығы Атырау облысының «Новруз» Әзірбайжан этномәдени бірлестігімен бірлесіп 2017 жылдың 23 ақпан күні Н.Тлендиев атындағы Кіші өнер академиясында «Соғыссыз әлем» тақырыбында сурет байқауын өткізді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасындағы Әзірбайжан мемлекетінің Бас елшісі Эльхан Зейналов мырза, «Новруз» Әзірбайжан этномәдени бірлестінің өкілдері, «Қоғамдық келім» КММ-нің қызметкерлері, Кіші өнер академиясының мұғалімдері мен оқушылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Байқау 7-ден 17 жасқа дейінгі оқушылар арасында өткізілді. Үлкен, орташа кіші топ бөлініп, барлығы 120 бала қатынасты. Байқау - көрмесі мектеп холлында өтті. Отыздан астам суреттер көрме экспозициясына қойылды. Суреттер орындалу техникасы мен шеберлігі бойынша әртүрлі болды. Бірақ ең бастысы орындалу шеберлігі емес, жұмыстың әсерлі болғаны таңғалдырды. Қатысушылардың көбі плакат тілімен бейбітшілік туралы айтып өтіпті.
Әр сурет марапатталуға лайық болды. Олардың әрқайсысында отанға деген сүйіспеншілік, халықтар достығы мен жер үстіндегі бейбіт аспан айқын бейнеленген. Қорытынды іріктеуге 25 жұмыс таңдалып алынды. Жүлдеге ие болған балалар марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Байқауға қатысушы барлық оқушыларға сертификаттар тапсырылып, арнайы ынталандыру сыйлықтары берілді.
Іс-шара барысында сөз алған Қазақстан Республикасындағы Әзірбайжан мемлекетінің Бас елшісі Эльхан Зейналов мырза былай деді: «Бейбітшілік, достық және бірлік - біздің мемлекеттеріміздің ең басты міндеттерінің бірі. Қазақстан мен Әзірбайжан елдері - түркі халқының бір бұтағы, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дамыта отырып, әлемдік кеңістікте өзіміздің бәсекеге қабілеттілігімізді арттырамыз. Соңғы кезде ортақ үйімізді алаңдатқан жағымсыз оқиғалар ендігі жерде қайталанбасын дей отырып, барлық әлемге тыныштық пен жақсылық тілеймін. Қазіргі кезде басты ұстаным да осы болып тұр. Аспанымыз ашық болып, баршамыз мамыражай бейбіт жағдайда өмір сүрейік!»,-деді ол.
Іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, балалар шығармашылық ұжымы қонақтар алдына өз өнерлерін салып, актерлік шеберлік сыныбының оқушылары «Балалар бейтішшілікті таңдайды» атты театрландырылған қойылымды көрермендердің назарына ұсынды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Ақмола облыстық ҚХА өнерпаздарының байқауы өтті
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
ҚХА «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауынының Комиссия мүшелерінің отырысы өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті
-
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Қызылордада «TWO STARS» атты ерекше ән-шоу байқауы өтті
-
Ақмола облыстық ҚХА өнерпаздарының байқауы өтті
-
АСТАНАДА «МЫҢ БАЛА» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
-
ҚХА «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауынының Комиссия мүшелерінің отырысы өтті
-
Алматыда Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – қазығым» байқауы өтті
-
Жетісу облысында «Мемлекеттік тіл-достықтың алтын көпірі» облыстық байқауы өтті