13 Қыркүйек, 2015
656
«Сорочин жәрмеңкесі» мейрамы тойланды
2015 жылдың 13 қыркүйегінде облыс орталығындағы қалалық мәдениет және демылыс паркінде «Еднання» украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Сорочин жәрмеңкесі» атты ұлттық украин мейрамы өткізілді.

Мерекелік іс-шараның негізгі мақсаты:
- облыс және қала тұрғындарын украин халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен және әдет-ғұрпымен таныстыру;
- өзіндік ерекшелігі бар этностық стильдің түрлі бағыттарымен және әр түрлі жанрдағы жеке және ұжымдық шығармашылық жетістіктермен таныстыру.
Мерекеге Ақтөбе облысының «Оксана» ұлттық орталығының ұжымы, сондай-ақ, БҚО ЭМБ филиалдары (Зеленов, Теректі аудандары) облыстық мәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Украин этнос өкілдерін, сондай-ақ барша жиналғандарды мерекемен құттықтауға қала әкімінің орынбасары М.К.Сатыбалдиев, БҚО Ресей федерациясының вице-консулы Э.П.Пономорев және «Қоғамдық келісім» КММ директоры А.Қ.Ажғалиев келді.
Жиналған жұртшылықтың алдына «Еднання» украин этномәдени бірлестігінің төрағасы В.И. Тарасенко шығып, «Сорочин жәрмеңкесі» мейрамының пайда болу тарихын айтып өтті.
«Сорочин жәрмеңкесі» мейрамы Большие Сорочинцы украин ауылдық орталығында 300 жылға жуық дәстүрлі түрде аталып өтеді екен, ең алғашында бұл мейрам егін жинау уақытымен байланыстырылған.
Мерекелік іс-шара барысында, қала тұрғындары мен қала қонақтары, концерттік бағдарлама мен театрланған көріністерді тамашалап қана қойған жоқ, сондай-ақ, украин халқының ұлттық тағамдарының дәмін тату мүмкіндігін де алды.
Сонымен қатар, ұлттық қолөнер бұйымдарының, декоративті қолөнер жасақтарының және де сол жерде дәмін татуға болатын украин ұлттық тағамдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде ұлттық киім киген сатушылар жиналған халыққа айрықша әсер қалдырды.
БҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ
Ұқсас жаңалықтар
-
ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Наурыз мейрамымен құттықтады
-
Алматыда Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамында қайырымдылық іс-шарасы өтті
-
Наурыз мейрамы қарсаңындағы маңызды кездесулер
-
Көкшетауда «Русская песня» халықтық ансамблінің 25 жылдығы тойланды
-
Қостанай облыстық ҚХА-сы «Яблочный спас» мейрамын атап өтті
11 Маусым, 12:38
Ақмолада ҚХА XXVIII сессиясы өтті
12 Маусым, 23:59
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Алматы облысы
вчера, 22:45
ҚХА республикалық этномәдени бірлестіктерімен өзара іс-қимылына жауапты ретінде С. Пономарёв тағайындалды
16 Маусым, 23:30
ҚХА Хатшылығының жұмыс отырысы: Абай облысы
вчера, 22:41
ҚХА жастар қанатының өкілдері Жастар құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кірді