27 Қаңтар, 2022
376
Түркістан облыстық ҚХА Қоғамдық кеңесінің отырысында алдағы жоспарлар жайы сөз болды
Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысына Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Созақбай Әбдіқұлов, облыстық қоғамдық даму басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Ерлан Керімбеков, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева және аудандық, қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, мүшелері, ішкі саясат бөлімдерінің мамандары қатысты.
Жиында сөз алған Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Әбдіқұлов Мемлекет басшысының ҚХА Кеңесінде берген тапсырмаларының орындалу барысына тоқталып, ел бірлігін нығайту жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
– Қоғамдық келісім кеңестерінің мемлекетіміздегі ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, этносаралық татулықты, бірлікті бекемдеуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асыруда маңызы ерекше. Басқосуға қатысып, маңызды мәселелердің шешілуіне ынта-ықылас танытқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Әр аудан, қаланың кеңес төрағалары жоспарын нақтылап, бекітіп алды. Алдағы уақытта облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің жүйелі жұмыс істеуіне үлес қосасыздар деген сенімдемін, – деді Созақбай Исаұлы.
«Кеңесіп пішкен тон келте болмайды» дегендей, жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде ойларын ортаға салды. Бұл ретте, қоғамдық келісімді сақтау және нығайту аясында атқарылып жатқан істер туралы Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының этносаралық қатынастарды дамыту бөлімінің басшысы Ерлан Керімбеков, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Төле би аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сейіт Бекмұрзаев және Шардара аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов сөз қозғап, алдағы жоспар-міндеттерді пысықтады.
Отырыс барысында қатысушылар пікір алмасып, Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысына қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Айта кетейік, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті көшпелі отырысы наурыз айында Сарыағаш ауданында өтеді деп жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
ҚХА кафедрасының Минскіге ресми сапары
-
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті
19 Сәуір, 21:38
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
сегодня, 10:21
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
сегодня, 11:50
БІРЛІК ЖҮГІРІСІ
сегодня, 11:47
ШЫМКЕНТ Қ. ҚХА МҮШЕЛЕРІ 25 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
Ұқсас жаңалықтар
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
ҚХА кафедрасының Минскіге ресми сапары
-
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
«Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамаларды іс жүзінде іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Қарағандыда ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызының қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті