Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Тамыз, 2021

258

Түркістанда өткен отырыста қазақтың көне салт-дәстүрлері сөз болды

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қазақтың көне және дамушы салт-дәстүрлері мен әдеп ғұрыптары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамаблеясы жанындағы Аналар кеңесі, облыстық этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері, «Достық» клубының мүшелері қатысты. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында ұсынылған «Қазақтану» жобасы аясында өткен шара өңірдегі этностар арасында қазақ халқының тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптеуге бағытталды.


Дөңгелек үстел отырысында Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Гүлсара Тоққұлова модерторлық етті. Жиынның ашылуында сөз алған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы ҚХА хатшылығы этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мадина Камеденова елімізде тұрып жатқан этностардың қазақ халқының игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсуі үшін дәл осындай шаралардың маңызы зор екенін атап өтті.

Шараға қатысушылар тақырып аясында арнайы дайындалған бейнероликті тамашалап, ұлттық салт-дәстүр мен ғұрпымызды сақтау бойынша өзара пікір алмасты.

Жиында «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиалының төрағасы Аюпов Фарит Галимович пен «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның Түркістан облыстық штабының жетекшісі Баетов Ерназар Көпжасарұлы және облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Мадалиев Шамырза Саттаркулович пен Түркістан облысы мәдениет басқармасы тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, филология ғылымының магистрі Исатай Гүлмира Асқарқызы қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету және этносаралық қатынастар мәдениетін дамыту жайында өз ойларын ортаға салды.

Шарада Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі Каримов Расим Агаулы «Рухани киелі жерлер – ұлы бабалар мұрасы» тақырыбында баяндама жасап, Қазақтану» жобасы этностарды бірінші кезекте қазақ халқының бай мәдениетіне, тарихы мен салт-дәстүріне бағыттайтынын атап өтті.

Кейін қарай