Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Наурыз, 2021

1303

Түркістанда жаңа инвестиция тарту мәселесі көтерілді

Түркістан облыстық Қазақстан халық ассамблеясы жанындағы Кәсіпкерлер қауымдастығының отырысы өтті. Отырыста «Елімізге жаңа инвестиция мен технологияларды тарту» тақырыбы кеңінен талқыланды.

Жиынға облысымыздағы беделді кәсіпкерлер мен Түркістан облыстық инвестиция және экспорт басқармасы қызметкері, облыстық «Атамекен» ҰКП өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкері, облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен қызметкерлері, ерікті жастар қатысты.

- Кәсіпкерлер қауымдастығының ықпалымен, облысымыздағы кәсіпкерлердің шеберлігін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстарды жүргізу қолға алынған. Ендігі меже, Түркістан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы кәсіпкерлер қауымдастығының жұмысын жүйелеп, мүшелерінің белсенділгін арттыру,-деді Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ҚХА хатшылығы-этносаралық қатынастар дамыту бөлімінің бас маманы Тимур Оралбеков.

Кейін қарай