
04 Шілде, 2017
1175
Тәжірибе алмасу
Атырау облысы ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Шакірова Гүлмира Муслимқызының басшылығымен Атырау облысы ҚХА-ның қала, аудандардағы Қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен төрайымдары және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің жаңадан тағайындалған аудандық 7 сарапшылар мен қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы өңіріндегі Қазақстан Халқы Ассамблеясының соның ішінде «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің жұмысымен танысып, тәжірибе алмасу мақсатында 2017 жылдың маусым айының 29-30 күндері аралығында Орал өңіріне іс-сапарға барып қайтты.
Достық үйінде орналасқан этномәдени бірлестіктердің кабинеттерінің жұмыстарымен, безендірулерімен танысып, пікір алмасты.
Іс-шара барысында Батыс Қазақстан облысының ҚХА төрағасының орынбасары, Хатшылық меңгерушісі Капаков Ғайса Хамедулаұлы және «Қоғамдық келісім» КММ басшысының м.а. Ихсанова Жамал Сағынғалиқызы Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыстарымен таныстырды.
Сонымен қатар, БҚО әкімдігі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшылары арнайы қызмет жоспарлары негізінде ақпарат беріп, жасалған жұмыстары бойынша ілеспе мәтіндері бар слайд көрсетілімімен тәжірибе алмасты.
Арнайы бағдарлама бойынша Хатшылық меңгерушісі Ғ.Капаковтың басшылығымен Атыраулық делегацияны Зеленов ауданындағы Достық үйінің ішіндегі этномәдени бірлестігінің кабинеттерімен танысып, мұражай бекеттерінде болып, жаңадан салынған мектеп нысанының ішінде қазіргі заман талабына сай ағылшын, орыс, қазақ сынды арнайы жабдықталған сыныптар болашақ жасұрпақтың ынтасын жігерлендіріп, құштарлықпен білім алатындай дәрежесі бар ауқымды жұмыстарының ілгеріленіп жатқандығын байқатты.
Осындай нәтижеде Елбасының бастамасымен құралған Ассамблея жұмыстары белсенді түрде елді-мекендерде отаншылдықпен рухани-мәдени тұтастылығы сақталып, дамып келе жатқандығы көңілімізге қуаныш ұялатты.
Ел бірлігі –ең асыл қасиет деп - дана халқымыз айтқандағыдай «Елді іс біріктіреді, сөз бұзады» сондықтан, бірлік пен ауызбіршілік болғанда ғана мемлекетіміздің алар асуы мен бағындырар белесінің көп болатына кәміл сенімді болатындығы сөзімізге қайшы келмесі анық.
Атырау облысы әкімі аппарытың
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
Астанада жалпыреспубликалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қырғызстаннан келген делегация ҚХА-ның қазақстандық тәжірибесімен танысты
-
«Бірлік әралуандылықта: халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы семинар өтті
-
Алматы қаласы республикалық Достық үйінде «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
9 Шілде, 18:16
Алена Жапониядағы жарыстан жеңіспен оралды
11 Шілде, 20:09
«Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында Президент жүктеген тапсырмалар аясында жастар бастамаларын талқылау» диалог алаңы өтті
9 Шілде, 13:10
Нұртөре Жүсіп Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер және мәслихат өкілдерімен кездесу өткізді
9 Шілде, 17:11
ҚЫЗЫЛОРДАДА ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
10 Шілде, 16:32
Қазақстан корейлерінің қауымдастығы басқармасының өкілдері Ақмола облыстық ҚХА корей этномәдени бірлестік белсенділерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
-
«Қазақстандағы бірлік пен ынтымақтастық саясаты: тәжірибесі мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
-
Этномедиация саласындағы өңіраралық тәжірибе алмасу: бірлік пен келісімді нығайту
-
Астанада жалпыреспубликалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
-
Қырғызстаннан келген делегация ҚХА-ның қазақстандық тәжірибесімен танысты
-
«Бірлік әралуандылықта: халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы семинар өтті
-
Алматы қаласы республикалық Достық үйінде «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті