Қазақстан халқы Ассамблеясы

08 Қараша, 2021

414

Талдықорғанда «Біз қазақстандықтармыз» балалар фестивалі өз мәресіне жетті

1-4 қараша аралығында балалар арасындағы «Біз қазақстандықтармыз» фестивалі өз мәресіне жетті. Фестиваль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Бұл шараны «Элефтерия» облыстық грек қоғамы ұйымдастырды.

Іс-шараның бірінші күні «игі істер» марафонымен басталды. Онда қатысушылар 30 қылқан жапырақты ағаш отырғызды. Екінші күні «Менің Отаным – Қазақстан» атты пейзаждық фотосуреттер көрмесі өтті. Фестивальдің үшінші күні «ұлттық костюм», «ұлттық музыкалық аспап» онлайн - көрмесі ұйымдастырылды, онда қатысушылар ұлттық костюм және ұлттық музыкалық аспап туралы бейнероликтер дайындаған болатын.


Үшінші күні «Қазақстан этностарының тағамдары», «Қазақстан этностарының ертегілері» тақырыбы бойынша көрме-байқауы өтті. Барлық жұмыстар Instagram әлеуметтік желісінде Алматы облысының №17 орта мектебі мен «Элефтерия» гректер қоғамының арнайы бірлескен жобасының парақшасында қойылды. Фестивальге мектептің 240 оқушысы және олардың ата-аналары қатысты.

Жеңімпаздарды марапаттау Талғар ауданы Панфилов ауылындағы №17 мектептің акт залында өтті. Шара соңында облыстық «Элефтерия» гректер қоғамының төрағасы Наталья Тифанциди құттықтау сөз сөйледі.

Кейін қарай