Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Желтоқсан, 2023

154

Поляк этносы балаларды қуантты

Рождестволық мерекелердің уақыты ежелден аңсап күтетін, жарқын және берекелі уақыт болып саналды. Бұл сәтте орын алып жатқан оқиғаның бәрі адамдарға ерекше үміт сыйлайды, жүректтер қуаныш пен сүйіспеншілікке толады. Ең бастысы, балалар ғажайыптарға сенеді.

«Рождество мерекесіне байланысты көптеген дәстүрлер мен аңыздар сиқырлыбар, біз балаларды осы меркелік ғажайыппен қуантуға тырысамыз!» - деді Жамбыл облыстық «Полонез» поляк тіл және мәдениет орталығының төрағасы Лариса Калькова.

Ескі дәстүр бойынша жыл сайын Жамбыл облыстық поляк орталығының өкілдері Рождество күні өмірлік қиын жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталығына барады. Бұл үрдіс биылғы жылыда өз жалғасын тапты. Этнос өкілдері балаларға мереке ұйымдастырып, сыйлықтар таратты. Меркелік кеш барысында орталық тәрбиеленушілері ертегілер тыңдап, ән салып, өлеңдер оқыды.

Кейін қарай