
24 Наурыз, 2022
107
Таразда ұйғыр этносы мерекелік дастарқан жайды
Тараз қаласында «Құтты болсын Наурыз мейрам» мерекелік іс-шарасы өтті. «Қайырымдылық жасасаң - қайырын өзің көресің» демекші, бүгінгі «Қайырымдылық акциясы» ұйғыр этносы өкілдерінің Жамбыл облысына қоныс аударғанына 60 жыл толуына орай Наурыз мейрамы тойланды.
Мерекені атап өту үшін жатақхана тұрғындары, Жамбыл облысы мен Тараз қаласы әкімдіктерінің өкілдері, ҚХА, Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің, өңірлік РЖҚ «Ассамблея жастары» мүшелері және БАҚ өкілдері жиналды.
Ұйғыр ағайындар мен жиналған жұртты атаулы мерекемен құттықтаушылар санатында облыстық және қалалық әкімдіктерінің өкілдерімен бірге Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Латиф Айдаров та өз жалынды тілегін жеткізіп, ұйымдастырушы бірлестіктің төрайымы Мухабат Абдрахманқызына облыстық ҚХА және «Қоғамдық келісім» ұйымының атынан шексіз алғысын білдірді.
Мың адамға дайындалған дәмді палау, кондитерлік тәтті тағамдар, салаттар және керемет бауырсақтардан мерекеге жиналған қауым молынан дәм тата алды. - Екі жыл бойы карантинге байланысты мереке болған жоқ, - дейді Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Ғазиз Ералиев. – Биыл қаламыздың барлық 11 округінде мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Аталған шағын ауданға кіретін № 5 округте мерекені М.Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі ұйымдастырды. «Қайрат» пәтер иелері кооперативі Тараз қаласының барлық пәтер иелерінің кооперативі атынан Дүйсенбек Қожахметов үнемі атсалысады. Баршаңызға денсаулық, ашық аспан және Қазақстан халықтарының бірлігінің өркендеуін және мызғымауын тілейміз!
Іс-шара соңы Ұйғыр орталығының басшысы Мухабат Абдрахманқызын қалалық әкімдік атынан Алғысхатпен марапаттаумен басталып, бірлестіктің қоғамдық жұмыстарына атсалысып жүрген басқа да белсенді мүшелерін қосымша марапаттаумен және әсем әнмен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Таразда түркітілдес халықтарға ортақ «сумаляк» әзірленді
-
Ақтауда ҚХА мүшелері орталық мешітте мерекелік шараға қатысты
-
Талдықорғанда достық дастарқанында түрлі этнос өкілдерінің тағамдары қойылды
-
Таразда балалар сәулет байқауына қатысты
-
Түркістанда ЭМБ өкілдері Наурыз мерекесіне орай достық дастарханын жайды
-
Таразда аналар мерекесіне орай концерттік бағдарламар өтті
2 Тамыз, 15:31
Медиация туралы сұхбат
6 Тамыз, 12:58
Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық медиация кеңесінің кеңейтілген отырысы
вчера, 17:51
Иордания Хашимиттік Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Юсуф Абдельғанимен кездесу
5 Тамыз, 15:46
Аналардың атқарар шаруасы ауқымды
5 Тамыз, 15:12
Солтүстік-Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Ертегілер елінде» республикалық байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы шығарылды
Ұқсас жаңалықтар
-
Таразда түркітілдес халықтарға ортақ «сумаляк» әзірленді
-
Ақтауда ҚХА мүшелері орталық мешітте мерекелік шараға қатысты
-
Талдықорғанда достық дастарқанында түрлі этнос өкілдерінің тағамдары қойылды
-
Таразда балалар сәулет байқауына қатысты
-
Түркістанда ЭМБ өкілдері Наурыз мерекесіне орай достық дастарханын жайды
-
Таразда аналар мерекесіне орай концерттік бағдарламар өтті