Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Наурыз, 2022

323

Талдықорғанда ЭМБ өкілдері аналарды мерекесімен құттықтады

Талдықорғанда Алғыс айту күніне орай «Алғыспен ел көгерер» тақырыбында этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өтті.

Шараны «Қоғамдық келісім» КММ-сі Алматы облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасымен бірлесе ұйымдастырды.

«Қоғамдық келісім» КММ директоры С.Упиев барлық жиынға қатысушыларды «Алғыс айту» және келе жатқан 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тілеп, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Дөңгелек үстел еркін ашық сұхбат форматында өтті, қатысушылар белсенді сөз сөйлеп, қуғын-сүргін ұшыраған отбасылардың қазақ халқынан пана, өсіп-өркендегені жайлы әңгімелімен, ата-бабаларының тарихымен бөлісті.

Кездесу соңында қатысушылар осындай шаралардың, ақпарат алмасудың маңызды рөлін атап өтті. Шара соңында этномәдени бірлестіктердің өкілдерін Алматы облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының алғыс хаттарымен марапаттау рәсімі өтті.

Кейін қарай