12 Тамыз, 2019
10901
Танымал журналист Михаил Теның Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған кітабының тұсаукесері өтті
Тараз қаласының Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мене «Қоғамдық келісімнің» ұйымдастыруымен өңірге танымал журналист Михаил Теның Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған «Сакральный Казахстан. Святыни древнего Тараза» атты кітабының тұсаукесері өтті.
Кітаптың авторы – Михаил Те, республикалық «Казахстанская правда» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, суретші, фотограф және «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар», «Ұлы даланың жеті қыры» мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға өз үлесін қосып жүрген танымал тұлға.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, жарық көрген басылым облыстың мәдениет, тарих және археологияның ең танымал ескерткіштері туралы ғылыми-көпшілік мақалалар жинағы болып табылады. Кітап 13 тараудан тұрады. Әрқайсысы облыс аумағында орналасқан қасиетті жерлерге арналған.
Кітапта тек Михаил Теның ғана емес, аймақтағы өз ісінің танымал шеберлерінің жасаған көптеген фотосуреттерін де (шамамен 100 сурет) көруге болады. Автордың кітапқа дайындаған иллюстрациялары да ерекше. Жинақтың мұқабасы Айша бибі кесенесі мен Ақыртас қалашықтарының фотосуреттерімен көркемделген.
Ерекше форматта, шығармашылық кеш түрінде өткен тұсаукесердңң жүргізушісі облыстық мәдениет басқармасының өкілі Михаил Платов жазушының мектеп кезіндегі қызықты оқиғаларымен бөлісті. Сондай-ақ, төл туындының авторы кітапты жазу барысында алуан түрлі сезім кешкенін көзі қарақты көрерменмен бөлісті: - «Мен бұл кітабып жазам деп ойламап едім. Әріптестерім және дос-жарандарым республикалық «Қазахстанская правда» газетінде жарияланған өңірлік киелі жерлер турасындағы мақалаларымды көріп, «Сен неге осының бәрін жинақтап, кітап қылып шығармайсың?» деп қолқалағаны бар емес пе?! Өзім де зерделесем, тарихи өлке тақырыбында жазған материалдарым мен түсірген суреттерімнің саны шынымен де 3 жылдан бері біразға жетіп қалыпты» - деп еске алады Михаил Те.
Автор күні кеше ғана жарық көрген төл туындысын оқушылар мен студенттер үшін, тарих, археология және өлкетану тақырыбына қызығушылық танытатын мамандар үшін таптырмас құрал болатынына, жергілікті тұрғындардың туған өлкесін аралап саяхаттауға деген қызығушылығын оятып, шетелдік туристер үшін де тамаша естелік болатынына сенімін білдірді.
Сонымен қоса, Михаил Те жаңа қырынан танылып, өз шығармашылығының ән қоржынынан гитара сүйемелдеуімен жиылған жұртшылыққа тамаша ән тарту етті.
Кеш соңы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ерқанат Манжуов пен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлованың кітап лентасын ресми түрде қиюымен және автордың кеш қонақтарына қолтаңбасы қойылған кітаптарын үлестірумен аяқталды.
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысында Мемлекеттік рәміздер күніне орай 300-ден астам шара өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен күнімен құттықтауы
-
40 астам адам ҚР мемлекеттік рәміздер күніне арналған жеңіл атлетикалық жүгіру сөресіне шықты
-
БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП
-
ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ҮНДЕГЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы
29 Мамыр, 19:26
Ақмола облысында ҚХА ХХVІІ сессиясы өтті
29 Мамыр, 22:08
С.Сейфуллиннің 130 жылдығына орай Қарағандыда ҚХА-ның екі күндік форумы басталды
30 Мамыр, 22:45
Президент кеңесшісі Павлодардағы Достық үйінде болды
2 Маусым, 21:02
ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ҮНДЕГЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
31 Мамыр, 21:10
Қызылордада ҚХА Ақсақалдар кеңесінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті
Ұқсас жаңалықтар
-
Алматы облысында Мемлекеттік рәміздер күніне орай 300-ден астам шара өтті
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының ҚР Мемлекеттік рәміздері күнімен күнімен құттықтауы
-
40 астам адам ҚР мемлекеттік рәміздер күніне арналған жеңіл атлетикалық жүгіру сөресіне шықты
-
БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАЗҒЫ МЕКТЕП
-
ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ҮНДЕГЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарының Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауы