Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қаңтар, 2022

335

Таразда ЭМБ өкілдері 700 жұмысшыға тегін түскі ас берді

Жамбыл облыстық «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің өкілдері Жамбыл облысы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіріп жатқан 300 жұмысшыға түскі ас берді.

Түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махмуджон Мираддинұлы Давришевтің айтуынша, қайғылы оқиғадан кейінгі түрік ағайындардың бұл алғашқы қайырымдылық акциясы емес, осы этномәдени бірлестіктің өкілдері блок-бекеттерде кезекшілік жүргізгендерге де тегін, ыстық түскі ас берген.


Тәртіпсіздік орын алған күндері Жамбыл облыстық Полиция Департаментінің, қалалық басқарманың және № 1 полиция бөлімінің ғимараттары зардап шеккен болатын. Осыған орай, Тараз қалалық Өзбек этномәдени орталығының өкілдері де қайырымдылық істен қалыс қалмады. Қала имамы Орынбасар Дәуренбеков пен «Досматов Престиж», «Тим Досматов» ЖК демеушілерінің қолдауымен жоғарыда аталған ғимараттар бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 400-ден астам жұмысшыға қайырымдылық түскі ас ұйымдастырды.


Сонымен қатар, Жамбыл облысы Ішкі істер органдарының ардагерлері ағайынды Зайнутдиновтар Тараз қаласы полиция департаменті мен полиция басқармасының қираған ғимараттарын қалпына келтіріп жатқан полиция қызметкерлері мен жұмысшыларға қайырымдылық түскі ас ұйымдастырды. ІІО ардагерлері қаза тапқан полицейлер мен ҚР Ұлттық гвардиясы жауынгерлерінің отбасыларына шын жүректен көңіл айтты, ал жараланғандар мен жарақат алғандардың тезірек сауығып, қатарға оралуын тіледі.

Кейін қарай