Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Қараша, 2021

273

Таразда әр ұлттың тағамдарын дайындау бойынша шеберлік сыныбы ұйымдастырылды

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығында әр ұлттың тағамдарын дайындау бойынша шеберлік сыныбын ұйымдастырды. Жас аналар және №45 классикалық гимназияның оқушылары дәмді де ерекше дүнген лағманын дайындаудың құпиясын білуге келді.

Іс-шараға облыстық ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова, «Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали және Аналар кеңесінің мүшелері қатысты.


Шеберлік сабағын облыстық «Вынхуа» дүнген этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Сара Даузова мен аталмыш бірлестік мүшесі Роза Азинаева жүргізді. Олар іс-шара қатысушыларына осы дүнген ұлттық тағамына қосылатын ингредиенттер туралы егжей-тегжейлі айтып беріп, көкөністерді қалай дұрыс кесуге, қамыр илеуге, лағманды қалай созуға болатындығын көрсетті. Тілек білдірушілер осы тағамды дайындауда өз күштерін сынап көрді. Жиын соңында дәмді тағамнан дәм тату рәсімі өтті.


Кейін қарай