Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Наурыз, 2021

694

Таразда суретші Д.Шайхислямованың туындылары көрмеге қойылды

Тараз қаласының Достық үйінде ҚХА-ның «Қазақстандық этностардың алуан түрлілігін рухани-мәдени дәріптеу» мәдени-ағартушылық жобасы аясында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрме өтті.

Көрменің негізгі мақсаты - Қазақстан этностарының мәдениетін халық арасында таныстыру және дәріптеу, қазақстандық мәдениетті заманауи әлемде ілгерілету. Сондай-ақ, патриотизмге тәрбиелеу, рухани-адамгершілік құндылықтарды, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру.


Көрмеде «Айнұры» Жамбыл татар-башқұрт мәдени орталығының өкілі, суретші Диана Шайхеслямова өзінің көркем туындыларын ұсынды. Диана Шайхеслямованың жеке көрмесі ҚХА-ның "қазақстандық этностардың алуан түрлілігін рухани-мәдени дәріптеу" мәдени-ағартушылық жобасы бойынша жоспарланған жобалардың бірі. Көрмеге суретшінің 57 жұмысы қойылған.

Кейін қарай