Қазақстан халқы Ассамблеясы

19 Қаңтар, 2022

317

Таразда өткен кездесуде жастарды жұмыспен қамту мәселесі сөз болды

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-де Жамбыл облысының ҚХА жастарымен кездесу өтті.

Қатысушылар арасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА мүшесі Ғұлам Умаров, Жамбыл облысы ҚХА төрағасының орынбасары Латиф Айдаров, «Ассамблея жастары» республикалық жастар бірлестігінің, Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері болды.

Отырыс барысында Латиф Айдаров жастардың тұлға ретінде дамуына, жұмыспен қамтылуына баса назар аударды. Ол жақында Жастар бастамаларын қолдау жөніндегі жобалық кеңсенің ашылғанын хабарлады. «Ассамблея жастары» республикалық жастар бірлестігінің төрайымы Хамида Тұрдыева кәсіби бағдар, мемлекеттік тіл, экология, тарихи-мәдени, әскери-патриоттық тәрбие беру негізіндегі жұмыс бағыттарымен таныстырды.


Талқылау барысында қатысушылар ұсынылған жобалық бағыттар бойынша пікірлерін білдірді. «Радонеж» орыс қауымдастығының жастар қанатының жетекшісі Анастасия Попова туризм саласында жүзеге асыратын жобалары туралы айтты.

Кейін қарай